ШҰҒЫЛ! ТӨМЕНДЕТІЛГЕН ЖАҢА ТАРИФТЕР ЖАРИЯЛАНАДЫ Толығырақ

БАБАЛАР АРМАНЫ АҚИҚАТҚА АЙНАЛДЫ

18:01, 13 қыркүйек 2018

Елбасының Түркістанды түлету туралы идеясы бабалар арманын ақиқатқа айналдырды. Қасиетті жердің қадірін біліп оған құрмет көрсету - біздің ел пайымында парыз. Түркістанның тарихын танып, сол хақында талай қалам тербеген филология ғылымдарының докторы проффессор Сейдулла Садықовтың пікірі осы.

Тұран даласында туып өскен Проффессор Сейдулла Садықұлының соңғы уақытта көңіл-күйі жоғары. Әсіресе, Елбасының Түркістан қаласын дамыту туралы тапсырмасы ғалымның көңілін тағы бір серпілтіпті.

Сейдулла Садықов – Филология ғылымдарының докторы, профессор

Еске салсақ, Елбасы маусым айында тарихи шаһарТүркістанды облыс орталығы ретінде танып, ел аумағында жаңа облысты құру туралы қаулыға қол қойған еді. Одан кейін, бірнеше жиында рухани орталықты ел болып көтеру туралы идеялар тастады. Ал, осы аптада жаңа облыс орталығын дамыту туралы концепсиямен танысып жауаптыларға тың тапсырмалар жүктеді. 

Нұрсұлтан Назарбаев – Қазақстан Республикасының Президенті

Ия, Түркістанның тасын түртсең, тарихтан сыр шертеді. Оның өткені тек қазақ үшін ғана емес, күллі түркі жұрты үшін де қасиетті. Енді сол қасиетке құрмет көрсетіп, шаһардың дамуына ел болып ат салысу керек. Ол, ел үшін еміреніп, жұрт үшін тебіреніп өткен ұлылар рухына құрмет болып саналады. Елдің өткенін зерттеп, болашағын болжап жүрген ғалым пікірі осы. 

Сейдулла Садықов – Филология ғылымдарының докторы, профессор

Бүгінде Түркістанды түлету жұмыстары нақты іс жүзінде  жүзеге аса бастады. Оған пәрмен берген Президенттің өзі. Енді осы айда қаланың бас жоспары бекітілсе, шаһарды дамыту жұмыстары тағы да қарқын ала түсері хақ.

 М. ЖАРЫЛҚАСЫН                                              

 

Тақырып бойынша материалдар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ШАРУАЛАРЫ ЖЫЛДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ
18:31, 20 қараша 2018
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ШАРУАЛАРЫ ЖЫЛДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КАДРЛЫҚ АУЫС-ТҮЙІС
11:39, 20 қараша 2018
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КАДРЛЫҚ АУЫС-ТҮЙІС
Толығырақ...