ШҰҒЫЛ! ХҚКО САБЫЛУДЫҢ ҚАЖЕТІ ЖОҚ Толығырақ

БАБАЛАР ЕРЛІГІ - ҰРПАҚҚА АМАНАТ

12:37, 13 мамыр 2019

Сұрапыл соғысқа Түлкібас ауданынан 12 мың жауынгер аттанған. Елге аман қайтқан соғыс куәгерлерінен бұл күнде 13- ақ ақсақал қалған. Жеңіс мерекесіне орай саусақпен санарлық қазыналы қарттардың үйін аудан әкімі арнайы аралап шықты.

Аудан әкімі Нұрбол Тұрашбеков Түлкібастың мақтанышына айналған ардагерлерге ақ тілегін жаудырды. Салтанатты шарада  «Мәңгілік алау» ескерткішінде есімі тарихта қалған жауынгерлерді еске алды. Арнайы гүл шоқтарын қойып, баһадүрлер рухына тағзым етті.

Нұрбол Тұрашбеков  -Түлкібас ауданының әкімі

Тарих беттерінде өшпесіз қалдырған аға буын өкілдерінің басын қатерге тігіп оқтың арасындағы тәуелсіздігіміз үшін еліміздің егемендігіне біршама атқарырп жатқан жұмыстары бүгінгі таңда ата-бабамыздың қанымен келген егемендігіміздің арқасында өсіп өркендеп келеміз.

Мерекелік жиында аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері өнерін ортаға салды. Түрлі патриоттық рухтағы әндер шырқап, қиын-қыстау жылдардан көрініс қойды. Жиынға келгендер  аға буын мен жастардың жүздесуі өскелең ұрпақтың бойына патриоттық рухты сіңіретінін айтады.

Марат Егенбаев – «Саяхат» колледжі  директорының орынбасары

Іс-шара жеңіс күніне арналып отыр. Жеңісіміздің 74 жылдығына орай аудан әкімдігіне осындай іс-шара өткізіліп жатыр. Патриоттық мәні бар.

 Дәл сол күні Ұлы жеңіс мерекесіне орай аудандағы ипподромда  қазақтың ұлттық ойыны көкпар  ұйымдастырылды. Облыс көлемінен  200-дей жүйрік алдырылып палуандар бақ сынасты.  Ат құмар ағайын сәйгүліктерін додаға қосып мәз мейрам болысты. Жүйрік ат көрсе делебесі қозатын жұртшылық бір жадырап қалды.

 Әбілхан Дауылбаев- Түлкібас ауданының тұғыны

Жеңістің 74 жылдығына орай арнап жарыс өтіп жатыр.  Өтіп жатқанына 50 жылдан асып кетті. Жылда өтетін жарыс. Қазір бәйгелер болып жатыр. Осы жерде балаларды дайндаймыз.

Осылайша Түлкібас ауданында жеңіс күні түрлі шаралармен аталды. Ақсақалдардың ақ батасы төгіліп ұлттық ойындар ұлықталды.

Ұ.Байниязова

Тақырып бойынша материалдар

«ТАЗА ҚАЛА» АКЦИЯСЫ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ
21:35, 12 желтоқсан 2019
«ТАЗА ҚАЛА» АКЦИЯСЫ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ
Толығырақ...
СПОРТ  МЕКТЕПТЕРІНДЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ  КЕҢЕС  ӨТТІ
20:07, 12 желтоқсан 2019
СПОРТ МЕКТЕПТЕРІНДЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕС ӨТТІ
Толығырақ...
РЫСҚҰЛОВ ҰЛТ АЗАТТЫҒЫ ҮШІН ЖАНЫН ҚИДЫ
20:01, 12 желтоқсан 2019
РЫСҚҰЛОВ ҰЛТ АЗАТТЫҒЫ ҮШІН ЖАНЫН ҚИДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕГАПОЛИС ПРОКУРОРЛАРЫ  МАРАПАТТАЛДЫ
18:33, 6 желтоқсан 2019
МЕГАПОЛИС ПРОКУРОРЛАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...