ШҰҒЫЛ! ӨКПЕНІ ЖАСАНДЫ ЖЕЛДЕТУ АППАРАТЫ ЖЕТКІЛІКТІ МЕ? Толығырақ

БАДАМ ӨЗЕНІНЕН ЖАСӨСПІРІМ МӘЙІТІ ТАБЫЛДЫ

15:19, 2 маусым 2020

Шымкенттегі Бадам өзенінен жасөспірімнің жансыз мәйіті табылды. Марқұм болған 14 жастағы баланың денесін сол маңдағы куәгерлер алып шығарған. Ол Түркістан облысы Төлеби ауданынан қалаға қонаққа келген екен. Ал, ашуға ерік беріп, жұдырақ ала жүгірген жастардың әрекеті өкінішті оқиғамен аяқталды. Құрдастар арасындағы жанжал Маятас елді мекенінде болған. Салдарынан бір бозбала қатты жарақат алып, жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Құтқарушылардың мәліметіне сүйенсек, 2006 жылы туған жасөспірім абайсызда суға құлап кеткен. Өйткені өзеннен ап шыққан кезде марқұмның үстінде киімі болған. Қайғылы оқиғаның мән жайын Абай аудандық полиция басқармасының қызметкерлері анықтап жатыр. Тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиға орнында 23 қызметкер.7 техника, жедел жәрдем бригадасы жұмыс атқарған. Мамандар «Қала аумағынан өтетін Бадам өзенінде шомылуға болмайтынын ескертуде. Бадам өзенінің тереңдігі суға шомылу маусымы кезінде 50 см-ден аспайды»-дейді  Төтеншеліктер

ЖАСТАР АРАСЫНДАҒЫ ЖАНЖАЛ ЖАЙСЫЗ АЯҚТАЛДЫ

Жансақтау бөлімінде жатқан жәбірленуші басынан ауыр зақым алған. Жасөспірімнің туыстары енді денсаулық сақтау министрлігінен көмек сұрап отыр. Жастар арасындағы жанжалдың не себептен туғаны әзірге белгісіз. Мамандар сотқа дейінгі тергеудің жабық екенін алға тартады. Айта кетейік, қақтығыс кезінде ең ауыр жарақат алған студент жігіт аспаздық мамандығында білім алып жатыр. Спортты жанына серік еткен ол келесі жылы әскерге баруды жоспарлаған екен.

 

Тақырып бойынша материалдар

 ДӘРІХАНАЛАРДАҒЫ БАҒА БАҚЫЛАУДА БОЛАДЫ
16:44, 9 шілде 2020
ДӘРІХАНАЛАРДАҒЫ БАҒА БАҚЫЛАУДА БОЛАДЫ
Толығырақ...
ӨКПЕНІ ЖАСАНДЫ ЖЕЛДЕТУ АППАРАТЫ ЖЕТКІЛІКТІ МЕ?
16:41, 9 шілде 2020
ӨКПЕНІ ЖАСАНДЫ ЖЕЛДЕТУ АППАРАТЫ ЖЕТКІЛІКТІ МЕ?
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЗАҢСЫЗ ТАСЫМАЛДАУШЫЛАРМЕН КҮРЕС КҮШЕЙТІЛЕДІ
16:16, 3 шілде 2020
ЗАҢСЫЗ ТАСЫМАЛДАУШЫЛАРМЕН КҮРЕС КҮШЕЙТІЛЕДІ
Толығырақ...
СЫНДАРЛЫ ШАҚТА СЫР БЕРМЕГЕН САЛА МАМАНДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
18:07, 3 шілде 2020
СЫНДАРЛЫ ШАҚТА СЫР БЕРМЕГЕН САЛА МАМАНДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...