ШҰҒЫЛ! ТӘРТІП – БАРШАҒА ОРТАҚ! Толығырақ

БАҒАНЫ ШАРЫҚТАТҚАН ДӘРІХАНАЛАРҒА ШАРА ҚОЛДАНЫЛАДЫ

15:53, 30 маусым 2020

Түркістан облысында бағаны негізсіз өсірген дәріхана иелеріне 300 мың теңгеден 3 млн теңгеге дейін айыппұл салып, 6 айға дейін жұмыс істеуіне шектеу қойылуы мүмкін. Өңірде бағаны қадағалайтын арнайы жұмысшы тобы құрылды. Құрамында фармацефтикалық қызметті бақылау департаментінің өкілдері мен әкімдік қызметкерлері бар топ ендігі жерде дәріханалардағы баға мен дәрі-дәрмектің жетіспеушілігін қадағалайды. Айтып өтейік, облыста 1000-ға жуық дәріхана бар.

Қазір қоғам арасында дәріханаларда дәрі-дәрмек жетіспеушілігі туындап, қала берді бағасының да шарықтап кеткені жайлы жиі айтылуда. Бірақ өңірдегі фармацефтикалық қызметті бақылау департаментінің өкілдері даурығуға негіз жоқ деп отыр. Өйткені аталған департамент мамандарының айтуынша қазір  өңірге сұраныстың артуына байланысты арнайы қордан қосымша препараттар алдырылуда екен. Ал, барлық дәріге шектік баға бекітілген. Оны «dari.kz» мобильді қосымшасын жүктеу арқылы әр тұтынушы біліп отыруына болады. Егер дәріханалардағы баға онымен сәйкес келмесе департаментке шағым түсіруге құқылы.

Дәулет Тағыбаев - Түркістан облысы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары

Қосымшамен салыстырған кезде баға жоғары болатын болса сатып алған шегімен бізге өтініш түсірсе сол өтініш негізінде біз әкімшілік шара қолданамыз. Яғни жеке тұлғаға 70 АЕК, лауазымды тұлғаға 100 АЕК ретінде, кіші кәсіпке 130 АЕК, орта кәсіпке 200 АЕК, ірі кәсіпке 1000 АЕК көлемінде айыппұл салынады  

Әкімшілік айыппұлдар тек дәрі-дәрімек бағасын негізсіз жорғарылатқандар ғана емес сонымен қатар антибиотиктерді рецепсіз босатқандарға да салынады. Өйткені, алдағы уақытта мониторингтік топ мүшелері дәріханаларда дәрілердің қалай босатылып жатқанына да талдау жүргізетін болады. Сонымен қатар, өңірде эпидемиологиялық жағдайдың күрделенуіне байланысты карантиндік шаралар қатаңдап отыр.      

Алдарқұл Ахметов - Түркістан облысы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары

Қоғамдық тамақтану нысандарына 50 орынға дейін және мынау ашық жазғы нысандардың жұмысына рұқсат етіліп отыр. Бірақ ол жерде дезинфекциялық іс-шараларды күшейте отырып және ара қашықтық екі метрден жақын болмауы керек. Және уақыты да дүйсенбі мен жұма күндері таңғы сағат 10-нан кешкі сағат 21 – 00 ге дейін.

Бұл шектеулер өңірде эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін сақталатын болады.

М. Жарылқасын                                                     

Тақырып бойынша материалдар

ШЫМКЕНТКЕ  ҚАЖЕТТІ ДӘРІ - ДӘРІМЕКТЕР ЖЕТКІЗІЛДІ
16:53, 16 шілде 2020
ШЫМКЕНТКЕ ҚАЖЕТТІ ДӘРІ - ДӘРІМЕКТЕР ЖЕТКІЗІЛДІ
Толығырақ...
22 ТҮРЛІ 128 МЫҢНАН АСТАМ ДӘРІЛІК ЗАТТАР ДӘРІХАНАҒА ТҮСЕДІ
12:32, 16 шілде 2020
22 ТҮРЛІ 128 МЫҢНАН АСТАМ ДӘРІЛІК ЗАТТАР ДӘРІХАНАҒА ТҮСЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БАСПАНА СЫЙЛАП, ҚОРАСЫН МАЛҒА ТОЛТЫРДЫ
17:05, 10 шілде 2020
БАСПАНА СЫЙЛАП, ҚОРАСЫН МАЛҒА ТОЛТЫРДЫ
Толығырақ...
ДӘРІГЕРЛЕР ДҮНИЕДЕН ӨТКЕН ӘРІПТЕСТЕРІН ҮНСІЗДІКПЕН  ЕСКЕ АЛДЫ
19:19, 13 шілде 2020
ДӘРІГЕРЛЕР ДҮНИЕДЕН ӨТКЕН ӘРІПТЕСТЕРІН ҮНСІЗДІКПЕН ЕСКЕ АЛД...
Толығырақ...