ШҰҒЫЛ! САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ ПЫСЫҚТАДЫ Толығырақ

БАҒДАРЛАМА ЖҮРЕК АУРУЛАРЫНЫҢ АЛДЫН АЛУДА

17:28, 13 қыркүйек 2019

Ақ халаттылар арасында «Ауруларды басқару» бағдарламасын енгізу бойынша көшпелі өңірлік семинар өтті. Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облысынан келген дәрігерлер Шымкенттік әріптестерімен тәжірибе алмасты. Аталмыш жоба негізінде шаһарда 514 дәрігер, 1101 мейірбике білімін арттырған.

Ауруларды басқару бағдарламасы Шымкентте 2 жыл бұрын пилоттық режимде басталып, бүгінде оң нәтижесін көрсетті. Жоба аясында сырқаттар медициналық қызметкерлермен бірлесе өз денсаулығын қадағалай алады. Терапевт, профильді дәрігер, мейіргер, психолог, салауатты өмір салтына бағыттайтын мамандар бастаған топпен бірге түрлі аурулардың алдын алады.

 Ғалымжан Әбішев – Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының  орынбасары

Сонымен қатар, науқастар денсаулық күнделігін жүргізіп, дәрігер кеңестерін бұлжытпай орындауға машықтанады.Бағдарлама нәтижесінде артериялы гипертензияға шалдыққан сырқаттардың 82 пайызының қан қысымы қалыпқа түскен. Қант диабетінің 32,5 пайызының зерттеу нәтижелерінің көрсеткіші реттелген.

 СӘУЛЕ ХАСЕНОВА – МЕДИЦИНА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ

2017 жылы осы бағдарламаны қолға алған №1,5,6,7 қалалық емханалар артериалды гипертензия, қант диабеті, созылмалы жүрек жетіспеушілігіне шалдыққан науқастардың денсаулығын түзеді. 2018 жылдан бері қаладағы барлық емханалар осы жоба негізінде жұмыс істеуде.

 

Д.Өмірзақова                                                         

Тақырып бойынша материалдар

МҰҒАЛІМДЕР АРТЫҚ ЖҰМЫСТАРҒА ТАРТЫЛМАЙДЫ     
19:53, 1 маусым 2020
МҰҒАЛІМДЕР АРТЫҚ ЖҰМЫСТАРҒА ТАРТЫЛМАЙДЫ     
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МАСКА ТАҚПАСАҢЫЗ 13890 ТЕҢГЕ АЙЫППҰЛ ТӨЛЕЙСІЗ
16:11, 29 мамыр 2020
МАСКА ТАҚПАСАҢЫЗ 13890 ТЕҢГЕ АЙЫППҰЛ ТӨЛЕЙСІЗ
Толығырақ...
КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН  69 АДАМ   ТІРКЕЛДІ
14:09, 26 мамыр 2020
КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 69 АДАМ ТІРКЕЛДІ
Толығырақ...