ШҰҒЫЛ! ТҮРКІСТАНДА СПОРТ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР Толығырақ

БАҚ ӨКІЛДЕРІ БАҚ СЫНАСТЫ

11:49, 13 маусым 2019

БАҚ өкілдерінің кәсіби мерекесі қарсаңында Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаменті спорттық сайыс ұйымдастырды. Төтеншеліктер күнде жасайтын жаттығуды тілшілер жасап жүйріктер анықталды.

Төтеншеліктердің тірлігін қайталау тілшілер қауымына оңай соқпады. Дегенмен қалам ұстаған қауымда қауіпті жаттығуды қайталаудан жасқанбады.  Өртке қарсы ауыр киімді киіп  жылдамдыққа жүгірді. Гидрант жабдықтарын арқалап, сатымен жоғары өрмеледі. Осылайша БАҚ өкілдері бұл салада да құр алақан емес екендігін дәлелдеді.

Нұрболат Дербісов – Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы

Өздеріңіз көріп жатқандай бүгін мына келе жатқан БАҚ құралдарының журналисттердің кәсіби мерекесіне сәйкес спорттық сайыс қызып жатыр. Мақсат журналисттерге біздің қызметтің жауапкершілігін сезіндіру.

Спорттық ойында журналистер  жаттығудың үш түрі бойынша сайысты.  Бірінші жылдамдыққа  киініп 100 метрге жүгірді. Екінші кезеңде сатыға өрмеледі. Үшінші сайыста өрт сөндіру құралдарын жылдамдыққа құрады. Алғашқы сайыста «Ońtústik» арнасының бәсі биік болды.

 Шолпан Аязбаева – «OŃTÚSTIK»   телеарнасының редакторы

Спорттық квест қызықты өтуде. Жақсы әсер алып отырмыз. Біздің қарсыластарымыз 6 бірдей команда. Барлығыда өңірімізге танымал журналисттер. Әзірге оқ бойы озық келе жатырмыз.

 Жарыста 6 команда бақ сынасты. Байқау шарты бойынша командада  екі жігіт бір қыз болу керек. Алайда «Хабар 24» телеарнасы мен «Оңтүстік -Рабат» командасы тек жігіттер құрамымен жарысты. Байқау қорытындысы бойынша «NAR» телеарнасы командасы 1 орынды иемденді.

Нұрболат Әмір – «NAR» телеарнасының операторы

Бүгін ЧС қызметінің қыр-сырын меңгеріп жұмысымен таныстық. Сайыс өте тартысты өтті. Бүгінгі жеңіс біздің ұжымның жеңісі

 Департамент ұйымдастырған спорттық сайыста ешкім жүлдесіз қайтпады. Жарысқа қатысқан барлық командаларға бағалы сыйлықтар табыс етілді. Бастысы  мекемелер арасындағы өз ара ынтымақтастық нығайды. 

К. Дүйсенбі 

 

Тақырып бойынша материалдар

АРЫС ЖАЙЫ МӘСЛИХАТ СЕССИЯСЫНДА ҚАРАЛДЫ
16:21, 25 маусым 2019
АРЫС ЖАЙЫ МӘСЛИХАТ СЕССИЯСЫНДА ҚАРАЛДЫ
Толығырақ...
ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙМЕН КҮРЕС ҮЗДІКСІЗ ЖҮРУДЕ
13:25, 25 маусым 2019
ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙМЕН КҮРЕС ҮЗДІКСІЗ ЖҮРУДЕ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК  ҚОЛДАУ  ТЫҢ СЕРПІН БЕРІП ТҰР
11:56, 20 маусым 2019
МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ ТЫҢ СЕРПІН БЕРІП ТҰР
Толығырақ...