ШҰҒЫЛ! ЕСКІ КӨЛІГІҢІЗДІ ӨТКІЗДІҢІЗ БЕ? Толығырақ

БАҚШАДА БАЛА ЖОҚ... ЕСЕСІНЕ ӨНІМ КӨП

15:50, 25 қыркүйек 2020

Балабақшада бала жоқ, есесіне бау – бақшасында жұмыс қызған. Түсіндіре кетейік. Бұл - Төлеби ауданы, Алатау ауыл округіне қарасты Екпінді ауылындағы «Боташым» балабақшасындағы көрініс. Індетке байланысты қазір бұл балабақшада да бір де бір тәрбиеленуші жоқ. Алайда, оның шағын бау – бақшасында жұмыс қыза түскен. Өйткені, мекемедегі тіршілік тоқтамауы үшін қызметкерлер мұнда түрлі дақылдар егіп, қазір одан мол өнім алуда.

Шындығында бұл балабақшада осындай бір қызық жайт орын алған. Тіпті, оны өте үлгі аларлық іс десе де болғандай. Өйткені, биыл ерте көктемнен бастап барлық мекеме карантинге жабылды. Бақшаға келетін бала жоқ. Алайда, тіршілік те  тоқтамауы тиіс. Бірақ не істеу керек? 

 МҰХТАР АТАБЕК – ТІЛШІ

Бұл бала бақшадада  бала жоқ.  Бірақ жұмыс қызған. Тәрбиешілер бақша егіп, оны күтіп баптаған. Нәтижесінде мол өнім жиналды.

ӘЛИМА ТЕМІРБЕКОВА «БОТАШЫМ» БАЛАБАҚШАСЫНЫҢ  МЕҢГЕРУШІСІ Бос жатқан жерге бұрын спорт зал салсақ па дегенбіз. Бірақ оған қаржы болмады. Сосын биыл мынадай жағдай болды да, ойласып оған бақша салдық. Жұмыс болды бұл бізге..

 Балабақша  ұжымы ойласа келе мекеме ауласындағы бос алаңқайға бақша егуді ұйғарады. Соның негізінде  жұмыс жоқ деп ешкім де  үйде отырмаған. Олар  бау – бақшаны күту үшін арнайы кесте түзіп,  кезекшілік еткен.  Тындырымды тірліктің нәтижесінде шағын ғана алаңқайдан мол өнім алуда.

ОРАЗКҮЛ  ИСАЕВА – ТӘРБИЕШІ

(Апайдың идеясымен помидор  бастадық...  жаз бойы еңбектендік..баларға азық болады.

Қазір қоңыр күздің нақ ортасы. Алайда,  балабақша ауласында    қызанақ пен қияр, асқабақ пен қызылша, сәбіз бен,  қырықбат және пияз бен  баклажан сияқты дақылдары әлі де  өсіп тұр.  Қызметкерлер оны күн сайын жинап, таза әрі табиғи сол өнімдерден балалардың қысқы азығы үшін банкалар жабуда.

АҚМАРАЛ ҮСЕБАЕВА  - АСПАЗ

Әзірге 500- дей банка жаптық. Балалар жейтін болған соң барлық талаптарды сақтап жауып жатырмыз.

Биылғы жыл бұл ұжым үшін де көптеген сынақтарға  толы болды.  Ал одан алған   сабақтар да жоқ емес.  Ұжым алдағы уақытта оның бәрінен нақты қорытындылар жасап, тағы да   игілікті істер атқармаққа бекініп отыр.

 

М. Атабек                                                          

Тақырып бойынша материалдар

ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ СЕКТОРЫ АШЫЛДЫ
19:03, 22 қазан 2020
ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ СЕКТОРЫ АШЫЛДЫ
Толығырақ...
СУРЕТШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ШЕБЕРЛІК САБАҒЫ
18:49, 22 қазан 2020
СУРЕТШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ШЕБЕРЛІК САБАҒЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗЫҒЫ МЕН ШЫЖЫҒЫ
13:41, 16 қазан 2020
БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗЫҒЫ МЕН ШЫЖЫҒЫ
Толығырақ...