ШҰҒЫЛ! 284 МЫҢҒА ЖУЫҚ ШЫМКЕНТТІК 42 500 ТЕҢГЕДЕН АЛДЫ Толығырақ

БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ БАҒДАРЛАМАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

18:29, 22 мамыр 2020

Баспанаға қол жеткізсем деп армандап жүрген шымкенттіктер үшін жағымды жаңалық. Таяуда Шымкентте «Бақытты отбасы» тұрғын үй бағдарламасына құжаттар қабылдау басталды. Бұл бағдарламаның шарттары қандай, жеңілдетілген несиеге қалай қол жеткізуге болады?

Несие шарты да тиімді, жылдық мөлшері – 2 пайыз. Оған көп балалы отбасылар, мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған жанұялар мен кәмелет жасына толмаған балалары бар толық емес отбасылар қатыса алады. Бір ғана талап бар. Ол – табыс көлемі  шектік бағадан аспауы керек. Несие сомасының 10 пайызы көлеміндегі алғашқы жарна болған жағдайда жылына 2% мөлшерлемемен несие беріледі. Мерзімі – 20 жылға дейін. Банк өкілдері мұндай мүмкіндіктің бұрын-соңды болмағанын айтады.
Нұрлан  Сұлтанов - ТҮҚЖБ Шымкент филиалы бөлім басшысы
«Бақытты отбасы» бағдарламасына қатысушы азаматтар өзінің әлеуметтік санатын айқындайтын арнайы тұрғын үй сертификатын алуы қажет. Яғни, Шымкент қаласында баспана кезегінде тұрсаңыз және қолыңызда әкімдіктің тұрғын үй басқармасының жолдамасы болса  өтінішіңіз қабылданады
Нұрлан  Сұлтанов - ТҮҚЖБ Шымкент филиалы бөлім басшысы Бұл бағдарламаның көмегімен жаңа және қолданыстағы үйден пәтер немесе жер үй сатып алуға болады. Ең жоғары займ сомасы – Шымкент қаласында 15 миллион теңге. Өтінім беруші жылжымайтын мүлікті баспана кезегінде тұрған аймақта ғана сатып ала алады.
Г.Ергешбаева                                                  

Тақырып бойынша материалдар

2448 ЖЕР УЧАСКЕСІ  МЕМЛЕКЕТ МҰҚТАЖЫНА ҚАЙТАРЫЛАДЫ
18:26, 29 мамыр 2020
2448 ЖЕР УЧАСКЕСІ МЕМЛЕКЕТ МҰҚТАЖЫНА ҚАЙТАРЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МАСКА ТАҚПАСАҢЫЗ 13890 ТЕҢГЕ АЙЫППҰЛ ТӨЛЕЙСІЗ
16:11, 29 мамыр 2020
МАСКА ТАҚПАСАҢЫЗ 13890 ТЕҢГЕ АЙЫППҰЛ ТӨЛЕЙСІЗ
Толығырақ...