ШҰҒЫЛ! ЖОЛ МӘСЕЛЕСІ ӨЗЕКТІ Толығырақ

«NUR OTAN»: РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖҰМЫС ТОБЫ ШЫМКЕНТТЕ

11:05, 10 қазан 2019

Шымкентте жыл басынан бері 125 жасөспірім жүкті болып қалған. Олардың 4-еуі мектеп оқушылары. Бұл туралы «Nur Otan» партиясы жанындағы Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі республикалық кеңестің кеңейтілген отырысында айтылды. Нұр-Сұлтан қаласынан келген жұмысшы топтың мақсаты айқын. Жасөспірімдер құқығын қорғау бағытында аймақта атқарылып жатқан жұмыстарды зерделеу.

Баһадыр Нарымбетов – «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиал төрағасының бірінші орынбасары

Республикалық жұмыс тобының үшінші отырысы өтуде. Біз нақты ұсыныстарды дайындап, сараптауымыз керек. Мәселен, қалада оңалту орталықтары жетіспейді. Оңалту орталықтарында мамандар да тапшы. Алда мемлекеттік тапсырыс аясында жекеменшік орындарды ашу керек екенін бағамдап отырмыз. Жалпы отырыста осындай нақты ұсыныстар айтылуы керек.

Білім басқармасының мәліметінше, Шымкентте 712 білім беру ұйымы бар. Соның 169-ы орта мектеп. Оларда  215 мыңға жуық шәкірт тәрбиеленіп жатыр. Елде қабылданған атаулы әлеуметтік қолдау бағдарламасының шарапатын шымкенттік балалар сезініп-ақ келеді. Айталық, 13 мың 800 шәкірт тегін ыстық тамақ ішеді. Жаңа оқу жылында  9 мыңнан астам оқушыға қаржылай көмек көрсетілген.

Айгүл Текебаева – Шымкент қалалық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы

Ұрпақ саулығы – ұлт байлығы. Һәм кемел келешектің жарқын жетістігі. Жиында кәмелеттік жасқа жетпегендердің денсаулық индексі де жақсарғаны айтылды. Мамандар оқушылар арасындағы қылмыстың займай отырғанын жеткізді. Жыл басынан  бері қалада  кәмелет жасқа толмағандардың қатысуымен 188 – қылмыс тіркелген. Шара барысында сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі балалар арасында өткен байқау жеңімпаздары марапат алып, марқайды.

Басқосуда балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар айтылды. «Nur Otan» партиясы жанындағы Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі республикалық кеңес өкілдері мұнан кейін 2 топқа бөлініп, Шымкент қаласында «Самғау сенім» әлеуметтік қызмет көрсету және «медициналық психологиялық оңалту орталығына барды.

Динара Закиева - «Nur Otan» партиясының  республикалық балалардың құқығын қорғау кеңесі төрағасының орынбасары

! Біз «Бақытты отбасы» Жол картасына балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жүйелі іс-шараларды ұсынамыз. Бұл, бірінші кезекте балалар қараусыздығы, суицидтің және балалар қылмысының алдын алу, сонымен қатар тиісті инфрақұрылымды қамтамасыз ету мен балаларға қауіпсіз жағдай жасау жөніндегі іс-шараларды зерделейміз. Ең басты мақсат. Біздің елде балалар ешкімнен қорықпай, қауіпсіз ортада өсіп-жетілуі керек. Жасөспірімдер арасындағы зорлық-зомбылық фактілерін болдырмауды мақсат етіп отырмыз.

Отбасында зорлық-зомбылық көрген жандар 6 ай бойы «Психикалық денсаулық» орталығы жанынан ашылған әлеуметтік қорғау мекемесінің бақылауында болады. Онда жанұяда зәбір көрген жандарға мамандар тегін психологиялық кеңес береді. Қиналғанға қол ұшын беретін әлеуметтік мекемеде қазір 9 отбасы бар.

Икрамхан Әбдішүкір – медициналық психологиялық орталық директорының міндетін атқарушы

Балалардың құқықтарын қорғау кеңесінің сараптамалық тобы бүгінге дейін  12 өңірге барып, шалғай ауылдардағы жағдаймен танысқан. Әр облыста 90-ға дейінгі әлеуметтік нысан мен балалар мекемелерінің жұмысын зерттепті. Сарапшы топ балаларға ең қауіпсіз және қолайлы жағдай жасау мәселелерін сараптайтынын ескерсек, бұл бағыттағы іске қан жүгірмек.

Г. Қалмырзақызы                                             

Тақырып бойынша материалдар

ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН ЕЛ  КУБОГЫ САРАПҚА ТҮСТІ
19:59, 18 қазан 2019
ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН ЕЛ КУБОГЫ САРАПҚА ТҮСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТҰРАНДАҒЫ ӘДИЯҒА  ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ЖҮРДІ
18:09, 16 қазан 2019
ТҰРАНДАҒЫ ӘДИЯҒА ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ЖҮРДІ
Толығырақ...
ЕСІРКЕП БАТЫРДЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ТУРНИР
18:27, 15 қазан 2019
ЕСІРКЕП БАТЫРДЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ТУРНИР
Толығырақ...