ШҰҒЫЛ! САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ ПЫСЫҚТАДЫ Толығырақ

БАЛАБАҚША - БАЛА БОЛАШАҒЫНЫҢ НЕГІЗІ

11:44, 10 қыркүйек 2019

Балабақша – бала болашағының негізін қалайды. Бүлдіршіндерді мектепке дейін даярлайтын Дария – МарС бөбекжайының балғындары үш тілде тіл сындырып, оқи алады. Заманауи негізде бой көтерген ғимаратта 250 бала тәрбиеленуде. Жоғары санаттағы педагогтар мен логопед мамандар балалардың қалыпты дамуы үшін барлық жағдайды жасауда.

Бөбектердің балабақшадағы күні таңғы жаттығудан басталады. Дәрігерлер тағайындаған дәмді ботқадан кейін сауат ашу сабақтарына жалғасады. Осылайша кешкі 19.00-ге дейін орыс және қазақ, ағылшын тілінде дәріс беріледі. Жоғары санаттағы педагогтар тәрбиесін көрген  бүлдіршіндер мектепте аса қиындық көре қоймайды.
БЕКХАНЫМ ҚЫДЫРБАЕВА – «ДАРИЯ – МАРС» БАЛАБАҚШАСЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ

«Дария МарС» бөбекжайында тұрақты түрде бассейн жұмыс істейді. Бұл баладағы омыртқа мен қозғалыс аппараты ауруларының алдын алады. Сондай-ақ, тыныс жолдарын кеңейтіп, дұрыс демалуына мүмкіндік береді. Мұндағы жаттықтырушы бүлдіршіндерді жас ерекшеліктеріне қарай топ-топқа бөліп, қабылдап, жүзуді үйретеді.
 ЛАУРА АЛИЕВА – «ДАРИЯ – МАРС» БАЛАБАҚШАСЫНЫҢ ТӘРБИЕШІСІ

АИДА АМАНГЕЛДІ - «ДАРИЯ – МАРС»  БАЛАБАҚШАСЫНЫҢ ТӘРБИЕЛЕНУШІСІ
«Дария-МарС» бөбекжай-балабақшасы 2012 жылы ел игілігіне берілді. Мұнда балғындардың өсіп-жетілуі үшін бар жағдай жасалған. Үш тілде білім беру жобасын мықтап қолға алып, мамандар жаңартылған педагогикалық технологияларды кеңінен қолдануда.

Д.Өмірзақова                                                          

Тақырып бойынша материалдар

МҰҒАЛІМДЕР АРТЫҚ ЖҰМЫСТАРҒА ТАРТЫЛМАЙДЫ     
19:53, 1 маусым 2020
МҰҒАЛІМДЕР АРТЫҚ ЖҰМЫСТАРҒА ТАРТЫЛМАЙДЫ     
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МАСКА ТАҚПАСАҢЫЗ 13890 ТЕҢГЕ АЙЫППҰЛ ТӨЛЕЙСІЗ
16:11, 29 мамыр 2020
МАСКА ТАҚПАСАҢЫЗ 13890 ТЕҢГЕ АЙЫППҰЛ ТӨЛЕЙСІЗ
Толығырақ...
КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН  69 АДАМ   ТІРКЕЛДІ
14:09, 26 мамыр 2020
КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 69 АДАМ ТІРКЕЛДІ
Толығырақ...