ШҰҒЫЛ! Мұнай ұрлаумен айналысып келген қылмыстық топ ұсталды Толығырақ

Балабақша кезегін электронды жүйемен реттеу іске асуда

19:51, 17 шілде 2017

Бала тәрбиелеуде олқылық орын алмауы тиіс. Бұл тұрғыда мектепке дейінгі мекемелерге артылатын жүктің салмағы басым. Сарыағаш ауданында өткен алқалы жиында «Балапан» бағдарламасының орындалу деңгейі сараланды. Саладағы жаңашылдық электронды кезекке тұрудың тиімділігі сөз болды.

Сарыағаш ауданында 256 балабақша бар. Онда 25 мыңнан аса бүлдіршін тәрбиеленуде. 28 мекеме - мемлекет меншігінде. 26-сы – шағын орталық. Ал, 200-ден астамы кәсіпкерлерге жасалған жағдайлардың нәтижесінде бой көтерген. Ащы да болса, шындық... кейбір бөбекжайларда мемлекеттік бағдарламаның іске асу деңгейі көңіл көншітпейді. Аудандық жиында бірқатар мектепке дейінгі мекемелер сынға алынды.

Балабақшаға балалардың күнделікті келу белсенділігі де әңгімеге арқау болды. Көп бүлдіршін тәрбие процесінен шет қалуда. Мектепке дейінгі кейбір мекемелердің санитарлық тазалығы сын көтермейді. Жаңа бағдарлама осы олқылықтардың алдын алуы тиіс. Қыруар қаржыны да үнемдеуге сеп болмақ.

Жыл сайын халық санының артуына байланысты балабақшаға баратын бүлдіршіндердің қатары көбейе түсуде. Сондықтан, мектепке дейінгі мекемелерді көптеп соғып, балаларды оқыту ісін жетілдету қажет. Сондай-ақ, бөбекжай маңындағы көшелердің тазалығы мен қоғамдық тәртіп мәселесі де басты назарда болуы тиіс. Жиынға төрағалық еткен аудан әкімі жауапты сала басшыларына осыны қадап тапсырды.

ДИДАР Өмірзақова  

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

«Назар текстиль» кілемдерінің жәрмеңкесі басталды
17:24, 17 қараша 2017
«Назар текстиль» кілемдерінің жәрмеңкесі басталды
Толығырақ...
Кәсіпкерді соттатпақшы болған прокурордың әрекетінен түк шықпады
19:21, 16 қараша 2017
Кәсіпкерді соттатпақшы болған прокурордың әрекетінен түк шық...
Толығырақ...