ШҰҒЫЛ! ТӨМЕНДЕТІЛГЕН ЖАҢА ТАРИФТЕР ЖАРИЯЛАНАДЫ Толығырақ

БАЛАБАҚШАҒА ТІРКЕУ АВТОМАТТЫ ЖҮЙЕГЕ КӨШЕДІ

19:33, 14 қыркүйек 2018

Түркістандық ата-аналар бұдан бақша кезегіне қою үшін табанынан тозбайтын болды. Себебі қалалық білім бөлімі ол жұмыстардың барлығын ендігі жерде электронды жүйе арқылы жүзеге асырмақшы. Ол үшін қазір алғашқы қадамдар жасалып, тиісті келісімдерге келген.

Цифрлы Қазақстан бағдарламасы шеңберінде жүзеге асып жатқан жүйе қолданысқа енсе, көп ата-ана қағазбастылықтан құтылады. Себебі, электронды кезек жүйесі баланы кезекке қою, балабақшаны таңдау және өзге бақшаға ауыстыру сынды қызметтердің барлығын үйде отырып-ақ, атқаруға мүмкіндік береді. Ол, үшін бас ауыртудың қажеті жоқ. Тек қалалық білім бөлімінің сайтына кіріп, тиісті таңдауды жасасаңыз жеткілікті. Сонымен қатар енді қаладағы бақша жасындағы балалар саны мен балабақшамен қамтылу көрсеткіші де электронды жүйе арқылы реттеледі.

Гүлмира Құлбайымбетова – Түркістан қалалық білім бөлімінің бас маманы

 Бұл жерде ата-ана өзіне қажетті мәліметтерді ала алады. Және де өзі жұмыс жасай алады. Оған құжаттарды интернет арқылы өзі ашады. Одан кейін баласын қай балабақшаға орналастырады.Ол қандай жұмыс істеп жатыр соның барлығын бақылай алады.

Еске салып өтейік қазір Түркістанда 21 мемлекеттік, 40 жекеменшік және 18 шағын ортлық жұмыс істейді. Оларда 114 16 бала мектепке дейін тәрбие алуда. Солардың ішіндегі ең ірісі Бекзат мөлтек ауданында орналасқан, «Балғын» балабақшасы. Мемлекеттік бағдарлама аясында еңсе тіктеген бөбекжайда қазір 320 бүлдіршін тәрбиеленуде. 14 қазақ 4 орыс тобы бар бақшада балғындарға үш тілді меңгеріп жатыр.

Айсұлу Күбесова – «Балғын» балабақшасының меңгерушісі

Еске салып өтейік, бүлдіршіндерді балабақша кезегіне қойып ата-ана жұмысын жеңілдететін жүйе бұйыртса келесі аптадан бастап іске асады. 

М. ЖАРЫЛҚАСЫН                                                           

Тақырып бойынша материалдар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ШАРУАЛАРЫ ЖЫЛДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ
18:31, 20 қараша 2018
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ШАРУАЛАРЫ ЖЫЛДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КАДРЛЫҚ АУЫС-ТҮЙІС
11:39, 20 қараша 2018
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КАДРЛЫҚ АУЫС-ТҮЙІС
Толығырақ...