ШҰҒЫЛ! Әлдекімдер бір топ халықты әлеуметтік желі арқылы оңдырмай алдады Толығырақ

Балалар алаңшасы мен спорт нысандары пайдалануға берілді

16:44, 13 қыркүйек 2017

Түркістанда көпқабатты тұрғынүйлерді жаңғырту жұмыстары қарқын алған. Ескі үйлердің аулаларын абаттандырып, балалар алаңшаларын салу ісі де жүйелі жүзеге асуда. Соның айғағы, Сауран мөлтекауданындағы көпқабатты тұрғынүй ауласында спорт алаңшасы пайдалануға берілді. Жергілікті халық қуанышына тілшіміз ортақтасты.

      Сауран мөлтекауданында 20 шақты көпқабатты үй бар. Уақыты келе тозған ғимараттар бүгінде толығымен жаңғыртудан өтті. Сабақты ине сәтімен. Енді міне, балалар алаңшаларымен қатар, спорт нысандары да пайдалануға беріліп отыр.

     Алаңшалардың құрылысы айналасы 3 айда бітті. Жергілікті тұрғынүй-коммуналдық шаруашылық бөлімі сапаға аса ден қойғанын айтады. Сол үшін де құрылысқа отандық өнімдер пайдаланылған.

      Бір аулада балалар алаңшасынан бөлек, волейбол және футбол ойнайтын секторлар да қарастырылған. Жергілікті билік тұрғындардың өтініштерін негізге ала отырып, дәл осындай нысандарды басқа да тұрғынүй аулаларында  құруды жоспарлап отыр.

      Түркістан - тек рухани жағынан ғана емес, әлеуметтік тұрғыда да жаңғыру үстінде. Оның негізі – орталық көшелердің жөндеуден өтіп, жарықтандыру ісінің қарқын алуында. Мемлекет көрсеткен көмекке жергілікті тұрғындардың алғысы шексіз.

ПЕРИЗАТ Биназарқызы

Тақырып бойынша материалдар

Мал ұрлығына қатысты тосқауыл күшейтілді
14:08, 25 қыркүйек 2017
Мал ұрлығына қатысты тосқауыл күшейтілді
Толығырақ...
Отырарлық жастар алтыбақан аясында бас қосуды әдетке айналдырып келеді
13:44, 25 қыркүйек 2017
Отырарлық жастар алтыбақан аясында бас қосуды әдетке айналды...
Толығырақ...
Оңтүстік қазақстан педагогикалық институтының жастары латын әліпбиін қолдайды
13:32, 25 қыркүйек 2017
Оңтүстік қазақстан педагогикалық институтының жастары латын...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОҚО-ғы таудың басына кемеге ұқсас ғимарат салынатын болды
16:10, 18 қыркүйек 2017
ОҚО-ғы таудың басына кемеге ұқсас ғимарат салынатын болды
Толығырақ...
Жағымды жаңалық! Тұрғын үйлерге азаматтардан өтініш қабылданып жатыр
15:58, 20 қыркүйек 2017
Жағымды жаңалық! Тұрғын үйлерге азаматтардан өтініш қабылдан...
Толығырақ...
Нұржан Төлендиев журналистер алдында мақтанып қалды
21:37, 18 қыркүйек 2017
Нұржан Төлендиев журналистер алдында мақтанып қалды
Толығырақ...