ШҰҒЫЛ! «ТОРТИЛЛА» ЖЫЛЖЫМАЛЫ ЗООБАҒЫ ЖАБЫЛАДЫ Толығырақ

БАЛАЛАРДЫ БИЗНЕСКЕ БАУЛУДА

14:05, 14 қаңтар 2020

Арыс қаласы мектептерінің 50 оқушысы бизнесті жан-жақты меңгерген іскер азаматтар мен арнайы мамандардан кәсіпкерліктің қыр-сырын үйреніп жатыр. Балалардың қысқы демалысын қызықты әрі тағлымды өткізу мақсатында табиғаты ерек «Біркөлік» шатқалында олар үшін арнайы лагерь ұйымдастырылды. Оған көпбалалы және тұрмысы төмен отбасылардан шыққан оқу үлгерімі үздік, білім сайыстарының жеңімпаздары болып жүрген оқушылар іріктелініп алынды.

Айғаным келешекте Арыс қаласынан коворкинг орталығын ашуды мақсат етеді. Мәдениет үйі жанынан бизнес, шығармашылық, зияткерлік ойындар секілді интелектуалды контент жасақтап көрмек. Лагердегі сабақтар оқушы қыздың бойында іскерлік қасиеттердің қалыптасуына негіз болды.  Ойға алған істі жүзеге асыруға талпыну, мақсаткерлік қырлары ашыла түсті.

АЙҒАНЫМ  ЗЕЙНАБИДДИН 9 СЫНЫП ОҚУШЫСЫ

Менің өзіме деген сенімділігім пайда болды. Әпбір идеямды, ойымды ашық жеткізуді үйрене бастадым. Сонымен қатар тәуекелшілдік, жауапкершілік және жан-жақты қабілеттерім ашылуда.

Лагердегі балалар 4 топқа бөлінген. Ал, Нұрбақыттың командасы футбол добы пішіндес шәйнек және шәй құйып алуып жүруге арналған креативті ыдыс жасайтын кәсіп ашуды ойластырып жатыр.  Олар бұл заттарды тек жасап қана қоймай, оның жарнамалау, сату тетіктері, маркетинг жүйесін де жіті зерделуді үйренуде.

НҰРБАҚЫТ МАХАНБЕТ 9 СЫНЫП ОҚУШЫСЫ

Әуенді құты. Көңілді жүресің әрі ол өзінің түсін өзгертиейді, дәмі де өзгермейді. Өзі әдемі, тәтті дәм береді.

ТІЛШІ: Мұндағы сабақтар көбіне жаттығу, практикалық тапсырмалар түрінде  өткізіледі. Балалардың іскерлік дағдыларды қалыптастыруына, командалық жұмысқа бейімделуіне жете мән беріледі. Түс қайта кәсіпкерлік сабақтары спорттық сайыс түрінде далада ұйымдастырылады. Мамандар балалардың бизнес жоспарын  демалыстан кейін де қадағалап, ақыл-кеңес беріп отырмақ. 

ЛӘЗЗАТ ШЫҢҒЫСБАЕВА «МЕНІҢ АТАМЕКЕНІМ» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ

Лагерь біткен соң  әрі қарай онлайн режимде сүйемелдеу жасап, қолдау көрсетеміз. Өзінің жасай алатын нәрсеңді жоба қылып, кәсіп ашып, пайда табуды үйретеміз.

Бұл жобаны «Менің Атамекенім» қоғамдық бірлестігі жүзеге асыруда. Олар бұған дейін қайырымдылықтан  жиналған  қаржы есебінен Арыс қаласындағы 60 баланы жаңа оқу жылы алдында киіндіріп, сабаққа керекті құрал жабдықтарын сатып әперген болатын. Онан кейін Жаңа жыл меркесі қарсаңында Арыстағы тағы 50 отбасыға теледидар, тоңазытқыш және кір жуу машинесі бар тұрмыстық техникалар пакетін тарту етті.

 

Тақырып бойынша материалдар

ОРДАБАСЫ»  ЖАҢА МАУСЫМДАҒЫ ДАЙЫНДЫҒЫН АНТАЛИЯ ДА ЖАЛҒАСТЫРУДА
19:12, 24 қаңтар 2020
ОРДАБАСЫ» ЖАҢА МАУСЫМДАҒЫ ДАЙЫНДЫҒЫН АНТАЛИЯ ДА ЖАЛҒАСТЫРУД...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар