ШҰҒЫЛ! ТҮРКІСТАНДА СПОРТ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР Толығырақ

БАЛАЛАРДЫҢ БОС УАҚЫТЫН ТИІМДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ МАҢЫЗДЫ

16:28, 10 қаңтар 2019

Елбасы пәрменімен 2019 жыл жастар жылы деп жарияланды. Сондықтан жастарды бәсекеге қабілетті етіп, жан-жақты дамыту жолын қарастыру қажет. Бұл бағытта балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру маңызды. Бүгінде Түркістан қаласында осындай 5 мекеме жұмыс істейді. Онда 1340 оқушы үйірмеге қатысады.

 Түркістан қаласында 35 білім беру ұясы  бар. Онда  38 983 оқушы біліммен қатар тәлім алады. Ал мектептен тыс, балалардың бос уақытын тиімді үйлестіретін 5 мекеме жұмыс істейді. Онда өнер, қолөнер, сурет, және спорттық үйірмелер бар. Бүгінде аталған мекемелер өз нәтижесін көрсетуде. Қатысушы жастар, облыстық деңгейдегі түрлі спорттық жарыстарда жүлделі орындардан көрініп жүр.  

Асан  Телқожаев – Түркістан қалалық білім бөлімі әдістемелік кабинетінің әдіскері

Білім жүйесі жаңарып отыратын заманда, елімізге жаңа заманауи технологиялар мен методикалар енгізілуде. Мұндай әдістер оқушыларға кітапты тезірек оқуға, есепті жүйрік шығаруға үйрететін әдіс-тәсілдер, жастарды жаңашылдыққа бейімдейді. Мәселен мұнда оқушылар, сабақтан  алдын немесе кейін келіп үй жұмысын орындайды.    

 Нұрбақыт Болат – оқушы

 Алдағы уақытта аталған орталықтардың саны артпақ. Себебі халық санының өсуіне байланысты, мектеппен қатар түрлі үйірмелерді көбейту қажет. Бұл болашақ жастардың  жан-жақты болып, заман талабына сай бейімделуіне септігін тигізеді.       

 

Тақырып бойынша материалдар

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙМЕН КҮРЕС ҮЗДІКСІЗ ЖҮРУДЕ
13:25, 25 маусым 2019
ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙМЕН КҮРЕС ҮЗДІКСІЗ ЖҮРУДЕ
Толығырақ...
ТҰРҒЫНДАР ТОЛЫҚ ҚАУІПСІЗ ЖЕРГЕ КӨШІРІЛДІ
12:16, 25 маусым 2019
ТҰРҒЫНДАР ТОЛЫҚ ҚАУІПСІЗ ЖЕРГЕ КӨШІРІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК  ҚОЛДАУ  ТЫҢ СЕРПІН БЕРІП ТҰР
11:56, 20 маусым 2019
МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ ТЫҢ СЕРПІН БЕРІП ТҰР
Толығырақ...