ШҰҒЫЛ! ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!!! Толығырақ

БАЛАСЫН ТАСТАП КЕТКЕН БЕЗБҮЙРЕК ӘКЕЛЕР КӨБЕЙГЕН

14:33, 8 ақпан 2018

Шымбайға батса да, шындық. Күнгейде көкек әкелер көбейіп барады. Бір ғана Сарыағаш ауданында өткен жылы баласын асыраудан бас тартқан 1915 азамат тіркелген. Олардың ұл-қызының алдындағы берешегі 100 млн. теңгеден асады. Сот орындаушылар өскелең ұрпақтың өмір сүру сапасын жақсарту үшін арнайы құжат дайындаған. Алайда, «безбүйректердің» тек 104-і ғана алимент төлеу міндетін орындап отыр.

Сарыағаш аудандық Әділет басқармасының басшысы есеп берген жиындағы басты тақырып - осы. Сұлтан Байдүйсенұлының айтуынша, 2016 жылмен салыстырғанда, алимент төлеуден жалтарғандар қатары артқан. Борышкерлердің бірі жұмыс орнын, енді бірі алатын тиісті жалақысын жасырып әлек. Қазір сот орындаушылар шетелдік тәжірибеге сүйене отырып, алимент өндірудің түрлі жолдарын қолданысқа енгізуде. Мәселен, көкек әкенің есепшотын жауып, шетелге шығу сапарын шектейді. Игі бастама қолдау тапқанымен, көрсеткіштер көңіл көншітпейді. Бұл жиында жергілікті мемлекеттік басқару органдарына нормативтік құқықтық актілерді тіркеу мен іс-қағаз жүргізудің жаңа тәртіптері де  талқыланды. Ал, туған баласын материалдық тұрғыда қамтамасыз етуден қашып жүрген безбүйрек әкелермен күрес сот орындаушылардың жіті бақылауында болмақ.

C. Есімбеков

Тақырып бойынша материалдар

РУХАНИ ШАҺАРДАҒЫ АЛҒАШҚЫ КҮН, ТҰҢҒЫШ ЖИЫН
18:28, 17 тамыз 2018
РУХАНИ ШАҺАРДАҒЫ АЛҒАШҚЫ КҮН, ТҰҢҒЫШ ЖИЫН
Толығырақ...
ТҮРКИЯЛЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ЖЫЛЫЖАЙ САЛУДЫҢ ЖАҢА ӘДІСІН КӨРСЕТПЕКШІ
14:54, 17 тамыз 2018
ТҮРКИЯЛЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ЖЫЛЫЖАЙ САЛУДЫҢ ЖАҢА ӘДІСІН КӨРСЕТПЕКШ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!!!
14:44, 13 тамыз 2018
ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!!!
Толығырақ...
ОБЛЫС ӘКІМДІГІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ТҮРКІСТАНҒА ҚОНЫС АУДАРДЫ
14:49, 15 тамыз 2018
ОБЛЫС ӘКІМДІГІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ТҮРКІСТАНҒА ҚОНЫС АУДАРДЫ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕЛЕР, ОБЛЫСТЫҚ БАСҚАРМАЛАР ТҮРКІСТАНҒА КӨШ ТҮЗЕЙДІ
18:16, 14 тамыз 2018
МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕЛЕР, ОБЛЫСТЫҚ БАСҚАРМАЛАР ТҮРКІСТАНҒА КӨШ...
Толығырақ...