ШҰҒЫЛ! АРЫС ҚАЛАСЫ 1-ШІ ТАМЫЗҒА ДЕЙІН ҚАЛПЫНА КЕЛЕДІ Толығырақ

«БАЛБӨБЕК» БАЛАЛАР БАЙҚАУЫ

12:40, 17 маусым 2019

Бұлақ көрсең көзін аш. Бөбектердің бойындағы өнерді дер кезінде анықтай білсек, болашақта өнер майталманы болып шығуына ықпал етеміз. Осы мақсатта, Төлебиде бүлдіршіндер арасында «Балбөбек» балалар байқауы ұйымдастырылды. Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін шығармалық жарыс... талабы таудай таланттарды анықтады.

Бұл балғындар – бойындағы дарыны мен талабы ұштасқан бүлдіршіндер. Көп алдына суырылып шығып, өнер көрсетіп, ұлттық салттың сәні мен салтанатын паш етті. Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қолға алынған жобада аузынан ана сүті кеппеген, белінен бесік табы кетпегендерге әділқазылар алқасының бағасы да оң болды.

 Әсілбек Әуесбек-Төлеби аудандық  мәдениет және тілдер дамыту бөлімінің басшысы

-Біздің ауданымызда бүгін үлкен іс-шара өтіп жатыр деп есептеймін. Себебі «Балбөбек» байқауы  жыл сайынғы дәстүрге айналып келе жатыр. 7 жыл қатарынан өтіп келе жатыр. 

Байқауда вокал жанрынан 8 әнші және би жанрынан 11 би тобы   бақ сынады. Талапқа сәйкес, қатысушылар алғашқы кезеңде өздерін таныстырды. Байқаудың екінші бөлімі ән-жырмен көмкерілді. Бөбектер жарыса би билеп, ән салды. Нәтижесінде би жанры бойынша бас жүлдені «Боташым» балабақшасы алса, ән жанры бойынша бас жүлдені Ержан Мәлік ие болды.

Болат Оразымбетов- Төлеби аудандық  мәдениет үйінің директоры

-Бұл байқаудың кішкентайларға беретін үлесі өте зор. Тілейтінім өнер жұлдыздары болсын.

2012 жылдан бері дәстүрлі түрде өтіп келген «Балбөбек» байқауы  талай өнерпаздардың жұлдызын жақты. Өнер әлеміне жолдама беріп, жаңа есімдері алып келді. Жалпы өнер додасының мақсаты, балаларды отанға, өмірге, өнерге  деген сүйіспеншілігін арттыру. Шығармашылық шыңдалуына үлес қосу.

Ұ.Байниязова                                                         

Тақырып бойынша материалдар

ТАРИХТАН ТАҒЫЛЫМ АЛУ – ҰРПАҚҚА МІНДЕТ
12:30, 18 шілде 2019
ТАРИХТАН ТАҒЫЛЫМ АЛУ – ҰРПАҚҚА МІНДЕТ
Толығырақ...
«ОҚЖЕТПЕС» БАПКЕРЛЕРІ АРЫС БАЛАЛАРЫН ЖАТТЫҚТЫРДЫ
12:28, 18 шілде 2019
«ОҚЖЕТПЕС» БАПКЕРЛЕРІ АРЫС БАЛАЛАРЫН ЖАТТЫҚТЫРДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

4 ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒА ҚЫЗМЕТІНЕН БОСАТЫЛДЫ
17:59, 16 шілде 2019
4 ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒА ҚЫЗМЕТІНЕН БОСАТЫЛДЫ
Толығырақ...
АРЫС ҚАЛАСЫ 1-ШІ ТАМЫЗҒА ДЕЙІН ҚАЛПЫНА КЕЛЕДІ
14:23, 12 шілде 2019
АРЫС ҚАЛАСЫ 1-ШІ ТАМЫЗҒА ДЕЙІН ҚАЛПЫНА КЕЛЕДІ
Толығырақ...
БАС ДӘРІГЕРЛЕР  КЕҢ КАБИНЕТТЕРІН БОСАТТЫ
12:38, 17 шілде 2019
БАС ДӘРІГЕРЛЕР КЕҢ КАБИНЕТТЕРІН БОСАТТЫ
Толығырақ...