ШҰҒЫЛ! ЖОЛ МӘСЕЛЕСІ ӨЗЕКТІ Толығырақ

БАРЛЫҚ ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫ БАС ЖОСПАРҒА САЙ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

18:25, 12 шілде 2019

Қала аумағындағы нысандардың сыртқы келбеті бір жүйеге келтіріледі. Себебі, Шымкент 2020 жылы ТМД елдерінің мәдени астанасы атануы тиіс. Осы мақсатта сәулет және қала құрылысы басқармасы өткен 6 айында атқарған жұмыстары бойынша есеп беріп, алдағы жоспарымен бөлісті.

Шымкент қаласының аумағының 68 пайызын көпқабатты, ал қалған 32-сі жер үйлер құрауы тиіс. Бұл басты құжаттағы тапсырма. Жалпы қаланың құрылыс салынуы қажет аумағының 90 пайызыне егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары жасалған. Әлі 7 елдімекеннің картасы  бекітілу үстінде.  Яғни әлі де өзгерістер болуы мүмкін. Себебі, Шымкентті дамытудың 2023 жылға дейінгі кешенді жоспары бекітілді.

Жеңіс Байымбетов  - Шымкент  қалалық сәулет  және  қала құрылысы басқармасының басшысы

-Алдағы уақытта 319 көп қабатты тұрғын үйлердің құрылысы жүретін болады. «Шымкент Сити» аумағы 40 га құрайды. Оның 47 гектары парк болады.

 Аталған басқарма қаланың бас жоспарын іске асыру қызметін үйлестіреді. Өткен 6 айда 19 мың қызмет көрсеткен басқарма қызметкерлері негізінен құжат рәсімдеу сынды жұмыспен айналысады. Тіркеу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгерту сынды жылжымайтын мүлікке қатысты анықтамаларды береді. Дегенмен, нысандарда сыртқы жарнамаға қатысты мәселе сын көтермей тұр.

Жеңіс Байымбетов  - Шымкент  қалалық сәулет  және  қала құрылысы басқармасының басшысы

-2019 жылы  6 айда басқарма мамандары мен аудан әкімдіктері бірлескен жұмыс нәтижесінде  4 аудан бойынша рұқсатсыз орналасқан 265  жарнамалық қалқандар орнынан алынды. Орталық көше бойында орналасқан жарнама құрылғыларды заманауи талаптарға сәйкес LED-экрандар орналастыру жұмыстары жүргізілуде.

Басқарма азаматтарға қызмет түрін барынша оңтайландыру мақсатында цифрландыру бағдарламасын кеңінен қолдануда. «Электронды архитектура» жүйесі жұмыстағы жүктемені азайтып қана қоймай, уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді.

Р. Бақытжанқызы                                                                               

Тақырып бойынша материалдар

СОТ ТӨРАҒАСЫ АЗАМАТТАРДЫҢ АРЫЗЫН ТЫҢДАДЫ
19:36, 22 қазан 2019
СОТ ТӨРАҒАСЫ АЗАМАТТАРДЫҢ АРЫЗЫН ТЫҢДАДЫ
Толығырақ...
«Менің туым – менің Отаным» акциясы басталды
19:09, 22 қазан 2019
«Менің туым – менің Отаным» акциясы басталды
Толығырақ...
ҚОҒАМДЫҚ ҰЙЫМДАРДЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ ЖОҒАРЫ
19:06, 22 қазан 2019
ҚОҒАМДЫҚ ҰЙЫМДАРДЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ ЖОҒАРЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТҰРАНДАҒЫ ӘДИЯҒА  ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ЖҮРДІ
18:09, 16 қазан 2019
ТҰРАНДАҒЫ ӘДИЯҒА ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ЖҮРДІ
Толығырақ...