ШҰҒЫЛ! ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ АРДАГЕРЛЕР ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ Толығырақ

БАС ДӘРІГЕРЛЕР КЕҢ КАБИНЕТТЕРІН БОСАТТЫ

12:38, 17 шілде 2019

Шымкенттік бас дәрігерлер кең кабинеттерін босатты. Енді бас дәрігер бірінші қабатта кіреберісте отыратын болады. Себебі емделушілер қажет жағдайда бас дәрігерге шағымын айта алуы қажет.

«Шымкент - адалдық алаңы»  жобалық кеңесі  бұл жағдай дәрігерлер арасында сыбайлас жемқорлықтың болмауына да септігін тигізетін шара деп есептейді.  

Алғашқылардың бірі болып Шымкенттегі емханалардың бас дәрігерлері кабинеттерін ауыстырды.   Соның бірі № 13 емхананың бас дәрігері-Алмаш Кендірбайқызы. Оның  айтуынша,  бас дәрігерге үлкен бөлменің қажеті шамалы. Тіпті бас дәрігерге хатшының да керегі жоқ.  Осылайша науқастар мен бас дәрігер арасында тікелей байланыс болады. Ал, бүгін жеке кабинетімде жалғыз өзім отырып, емделушілерді қабылдай аламын,-дейді.

 АЛМАШ КЕНДІРБЕКҚЫЗЫ-№13 ЕМХАНАНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ 

Бізде бірінші қабатта алғашқы көмек, егу бөлмесі, маммография, кардиология дегендер бар. Ең оңтайлау кішкентай бөлме үлесімізге тиіп отыр. Мен ойлайтыным, 3-4 айдың ішінде маған да менің қызметкерлеріме де қолайлы болады деп ойлаймын.

Бұл жобаны  тек дәрігерлер ғана емес , мектеп директорлары да қолдауда.  Бүгінде қаладағы  бірнеше мектеп басшылары өз кабинеттерін босатты. Сөйтіп ол бөлмелерде оқу сыныптары ашылған. Нәтижесінде сыныптарға бөлме жетіспеушілігі жойылған.

ЕРАСЫЛ ТӨЛЕБАЕВ-«Шымкент - адалдық алаңы» -ЖОБАЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ БАСШЫСЫ.    

Ең басты маңыздылығы не деп ойласаңыз, бұл оңтайландыру. Оптимизация дейміз ғой. Үлкен кабинеттерді басқа ем қабылдау бөлмесіне ауыстыру.  Және бірінші қабатқа көшкеннен кейін ол алыққа жақын болу.

Бұл бастаманы тұрғындар да қолдап жатыр. Себебі, емделушілер дәрігермен лезде жолығып, керекті кеңесін ала алады. Мұндай эстафетаны қолдауға барлық басшылар да атсалысуда.  Ал, бас дәрігерлердің босаған бөлмелерінде енді  күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Кейіннен қажеттілікке байланысты емдеу кабинеті немесе мәжіліс бөлмесіне айналуы бек мүмкін.

Айдана Қуанышқызы                                                  

Тақырып бойынша материалдар

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ АРДАГЕРЛЕР ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
20:30, 13 желтоқсан 2019
ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ АРДАГЕРЛЕР ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Толығырақ...
МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ –  ХАЛЫҚ ИГІЛІГІ ҮШІН
20:26, 13 желтоқсан 2019
МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ – ХАЛЫҚ ИГІЛІГІ ҮШІН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАТЕЛІККЕ ЖОЛ БЕРГЕН ШЕНЕУНІК ЖАЗАЛАНАДЫ
18:37, 10 желтоқсан 2019
ҚАТЕЛІККЕ ЖОЛ БЕРГЕН ШЕНЕУНІК ЖАЗАЛАНАДЫ
Толығырақ...
ЖАҢА КОЛЛЕДЖ ҒИМАРАТЫ БОЙ КӨТЕРДІ
16:33, 13 желтоқсан 2019
ЖАҢА КОЛЛЕДЖ ҒИМАРАТЫ БОЙ КӨТЕРДІ
Толығырақ...