ШҰҒЫЛ! ТҮРКІСТАНДА СПОРТ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР Толығырақ

«БАС ҚАЛАМ - НҰР-СҰЛТАН» АКЦИЯСЫ

12:23, 26 наурыз 2019

Шымкенттіктер ел астанасын Нұр-Сұлтан қаласы деп атауға ерекше қолдау білдірді. Орталықтағы арбатқа жиналған қауым көтеріңкі көңіл күймен концерт тамашалап, елдегі саяси ақуалға пікір білдірді. «Бас қалам – Нұр-Сұлтан» атты акцияға еліміздің өнер жұлдыздары мен зиялы қауым қатысып, бас қаланың жаңа атауына пікір білдірді.

 Бекет Тұрғараев – ҚР Құрметті судьясы

 Қазақ халқының кіндігінде орналасқан біздің Шымкент қаласаның халқы да бұл бастаманы қолдайды деп ойлаймын. Сондықтан мына жастар эелдің болашағы сіздердің қолдарыңызда. Қай жағынан қарасаң да бұл заңды. Сондықтан біз осы бастамаға ризамыз. Елбасы әбден лайық.

Расымен, Егемен еліміздің өсіп-өркендеуіне сүбелі үлес қосқан дара тұлға Елбасы қандай құрметке болса да лайық. Жас мемлекетті аяқтан нық тұрғызған Тұңғыш Президенттің атын бас қалаға беру – ел азаматын ұлықтау,-дейді қала тұрғындары.

Ісбала Жұманбайқызы – Шымкент қаласының тұрғыны

Мына жаңа атауымыз құтты болсын. Еліміз өркендеп жатыр. Соғын ризамыз біз. Шымкент қаласызда көш басындағы қалаларға қосыла берсін. Рахмет бәріне.

Жастың да кәрінің де көз қуанышына айналған – арман қала енді «Нұр- Сұлтан» деп аталады. Ел Президентінің бұл бастамасын Парламент те, қалың бұқара да қолдап отыр.

Үшінші мегаполистегі Арбат демалыс аймағында өткен шараға еліміздің эстрада жұлдыздары арнайы қатысты. Ернар Айдар, Еркін Нұржанов, «Өркен» отбасылық квинтеті мен Асыл Жандәулетовтер өнер көрсетті. Олар еліміздің, өсіп-өркендеуіне ерен еңбек сіңірген Тұңғыш Президентіміз бұл құрметке әбден лайық деп біледі.

П.Биназарқызы  

Тақырып бойынша материалдар

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙМЕН КҮРЕС ҮЗДІКСІЗ ЖҮРУДЕ
13:25, 25 маусым 2019
ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙМЕН КҮРЕС ҮЗДІКСІЗ ЖҮРУДЕ
Толығырақ...
ТҰРҒЫНДАР ТОЛЫҚ ҚАУІПСІЗ ЖЕРГЕ КӨШІРІЛДІ
12:16, 25 маусым 2019
ТҰРҒЫНДАР ТОЛЫҚ ҚАУІПСІЗ ЖЕРГЕ КӨШІРІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК  ҚОЛДАУ  ТЫҢ СЕРПІН БЕРІП ТҰР
11:56, 20 маусым 2019
МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ ТЫҢ СЕРПІН БЕРІП ТҰР
Толығырақ...