ШҰҒЫЛ! ТҮРКІСТАНДА СПОРТ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР Толығырақ

БАСҚАРМА БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

12:32, 16 сәуір 2019

Түркістан облысының әкімі Ө.Шөкеевтің өкімімен Түркістан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы болып Абдуллаев Арман Айдарұлы тағайындалды.

Арман Айдарұлы 1977 жылы 23 қарашада  Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы Жаңабазар ауылында туған.

 1999-2018 жылдар аралығында «Рауан» ЖШС бақылаушы, Оңтүстік Қазақстан облысы экономика департаменті жиынтық бөлімінің бас маманы, аймақтық саясат бөлімінің бас маманы, әлеуметтік саясат бөлімінің бас маманы, облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің инвестициялық саясат бөлімінің бас маманы, облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінің кәсіпкерлік және инновациялық қызмет бөлімінің бастығы, облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бюджеттік саясат және жоспарлау бөлімінің бастығы, инвестициялық саясат бөлімінің бастығы, облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы бастығының орынбасары, облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы, Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданының әкімі, облыс әкімі аппараты экономика және бюджеттік сала мониторингі бөлімінің басшысы болып қызметтер атқарған. 

 2018 жылдың мамыр айынан бүгінгі күнге дейін Түркістан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары – ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аумақтық даму бөлімінің басшысы қызметін атқарып келді.

Ақпарат: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

Тақырып бойынша материалдар

ҮЗДІК МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ
12:41, 17 маусым 2019
ҮЗДІК МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...
ДӘСТҮРЛІ ДОДА ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ
12:30, 17 маусым 2019
ДӘСТҮРЛІ ДОДА ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар