ШҰҒЫЛ! ҚАЛА ӘКІМІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ Толығырақ

БАСКЕТБОЛДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР АЯҚТАЛДЫ

19:19, 16 шілде 2019

Шымкентте Баскетболдан Қазақстан Республикасының бірнеше дүркін чемпионы Ұласбек Ермаханбетті еске алуға арналған республикалық турнир өз мәресіне жетті. Осымен алтыншы жыл қатарынан өткізіліп келе жатқан спорттық шараға алты команда қатысып бақ сынасты.

Қазақстан Республикасы спорт шеберлігіне үміткер, ұлттық команданың ойыншысы болған Ұласбектің көзі тірі болғанда осы жылы 23 жасқа толар еді. Жаттығу барысында кенеттен жүрегі ауырып қалып, бақилық болған бозбала армандаған биіктеріне жете алмай кетті. Бірақ оның достары қазір үлкен нәтижелер көрсетіп келеді.

ВАЛЕНТИНА БЕЛОКОНЬ-Шымкент қаласындағы №3  жасөспірімдер спорт  мектебінің жаттықтырушысы

Мен Ұласбектің алғашқы жаттықтырушысы болдым. Ол өте еңбекқор, талантты, өз қатарының алдында жүретін бала еді. Оның арамыздан кеткеніне қатты қиналамыз. Бірақ ізін жалғап келе жатқан ізбасарлары бар. Нәтижелері керемет. Соған шүкір етіп, қуанып отырамыз.

 ҰЛЖАН ЖАРАС-Ұласбектің анасы

Биылғы турнирге іріктелген алты команда қатысып жатыр. Ойын өте тартысты өтуде. Шымкенттік ойыншылардың дайындығы керемет. Оның себебі-бұл Ұласбектей азаматты тәрбиелеген өңір. Бұл жерден мықты команданың шықпауы мүмкін емес дейді мемлекеттік жаттықтырушы.

ИВАН ГАИН-Қазақстан Республикасының баскетболдан мемлекеттік жаттықтырушысы

Балалардың қарқыны өте керемет. Командалар үлкен дайындықпен келген. Біраз команда түрлі себептермен келе алмады. Келер жылы жан жақтан өзге мемлекеттерден де ойыншылар келуге ниетті. Жігіттерге әлі күнге дейін Ұласбекті үлгі етіп отырамыз. Оның есімі өшпейді.

 Командалардың ойыны көрерменге үлкен қуаныш, жақсы көңіл күй сыйлады. Үшінші орын Ақтөбелік команданың еншісіне бұйырды. Мақтаралдық команданың ойыншылары өздерінің мықты екенін дәлелдеп екінші орынға тұрақтады. Бірінші орын Шымкенттіктердің қанжығасында.

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЛА ӘКІМІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ
18:12, 27 қаңтар 2020
ҚАЛА ӘКІМІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар