ШҰҒЫЛ! ӨЖЖ АППАРАТТАРЫ ШЫМКЕНТТЕ ЖАСАЛАДЫ Толығырақ

БАСПАНА СЫЙЛАП, ҚОРАСЫН МАЛҒА ТОЛТЫРДЫ

17:05, 10 шілде 2020

Жері құнарлы, халқы еңбекқор Келесте келісті істер қашан да көп болған. Ол бүгінде жалғасып келеді. Мәселен, Бозай ауылының тұрғындары осы ауылға қайта көшіп келген орыс ұлтының өкілі Грибановтарға баспана сыйлап, қорасын малға толтырды. Өйткені, отағасының денсаулығы сыр берген. Мектеп жасындағы үш перзенті бар. Сондықтан жерлестерінің ауыр тұрмысын жеңілдету мақсатында ауылдастар ортадан қаржы жинап осындай мүмкіндік жасап отыр.

Грибановтардың негізгі тұрағы осы Бозай ауылы. Бұдан бес жыл бұрын жұмыс бабымен Сарыағашқа көшкен .  Алайда,  ол жақта жары қайтыс болып, отағасының да денсаулығы сыр берген. Екі қыз, бір баласымен елге оралған бұл отбасына ауыл тұрғындары қайырымдылық негізінде  қаржы жинап, баспана сыйлайды. Сонымен қатар, үйге қажетті тұрмыстық заттар мен азық – түлігін де қоса әперіп, қорасын да малға толтырады.Ал, Андрей Грибанов болса ауыл тұрғындарынан мұндай қамқорлық күтпедім дейді.Айта кетерлігі, Андрейдің   әкесі де соғысқа осы ауылдан аттанған. Алапат соғыстан аман келген майдангер осы ауылдың өсіп- өркендеуіне  де көп еңбек еткен. Ауылдастар бұл жағдайды жақсы біледі. Сондықтан  бұл қайырымдылық шарасы  Жеңістің 75 жылдығы құрметіне орай жасалып отыр.      

Андрей Грибанов  - Бозай ауылының тұрғыны

М. Жорабай                                                 

Тақырып бойынша материалдар

ШЫМКЕНТТЕГІ  ТАРИХИ- МӘДЕНИЕСКЕРТКІШТЕР
18:39, 3 желтоқсан 2020
ШЫМКЕНТТЕГІ ТАРИХИ- МӘДЕНИЕСКЕРТКІШТЕР
Толығырақ...
ШЫМКЕНТТЕ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛ ТҰРАҚТЫ
18:37, 3 желтоқсан 2020
ШЫМКЕНТТЕ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛ ТҰРАҚТЫ
Толығырақ...
ТҮРКИЯДАН ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК КЕЛДІ
18:36, 3 желтоқсан 2020
ТҮРКИЯДАН ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК КЕЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

14:28, 30 қараша 2020
КЕШКІ МЕКТЕПТЕР ҚАНДАЙ ФОРМАТТА БІЛІМ АЛУДА?
Толығырақ...