ШҰҒЫЛ! ТЕГІН БЕРІЛЕТІН ДӘРІ-ДӘРМЕКТІ САТҚАН Толығырақ

«БАСТАУ БИЗНЕС» АУЫЛДА

15:49, 30 маусым 2020

Атамекен Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ауылды жерлерде қоныстанған жұмыссыз азаматтарға кәсіпкерлік негіздері бойынша білім беріп келеді. Мәселен, Мақтаарал ауданында өткен жылдың өзінде 780 азамат жаңа бизнес идеяларды іске асыру мақсатында мемлекеттік грантқа қол жеткізген. Олар «Бастау бизнес» жобасы аясында бір ай бойы білімдерін шыңдап, өз кәсіптерін ашып отыр.

Атамекен Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Мақтаарал аудандық филиалында  өткен жылы Кәсіпкерлік негіздері бойынша  848 азамат, соның ішінде бастау бизнес жобасы аясында 453 азамат білім алған. Олардың бірқатары  бүгінде мал бордақылау алаңдары мен тігін шеберханаларын ашып, өз кәсіптерін өрбітуде.
Нұргүл Әбдіразақова - «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлік палатасы Мақтаарал аудандық филиалының директоры
Бүгінгі таңда мал бордықылау алаңдары мен тігін шағын цехтерімен және де кішкентай балаларды массаж жасау кабинеттерімен бірқатар шағын кәсіпкерлік саласында  жұмыс жасап жатқан азаматтар бар.Былтыр біздің Бастау-Бизнес жобасының тыңдаушысы Түктібаева Айнұр жеке кәсіпкер болып.Қазіргі таңда өзінің ауданда ондай сала әлі қолға алынған жоқ.Балаларға арналған жұмсақ ойыншықтар шығарып жатыр.Одан бөлек дәстүрлі киімдер тігіп жатыр.
«Бастау бизнес» жобасы аясында білім алып, өзіндік идеясымен Мемлекеттік грант иегері атанғандардың бірі - Айнұр Жасұзаққызы. Ол тігін шеберханасын ашып, балаларға арналған жұмсақ ойыншықтар жасап шығарады. Жас кәсіпкер: балалар денсаулығына зиянын тигізбейтін ойыншықтарды пайдаланса екен, -дейді.
Айнұр Жасұзаққызы - жас кәсіпкер
ҚР  «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлік палатасы Мақтаарал аудандық филиалының түлегі
Мен Бизнес бпастауды оқыдым былтыр 2019 нжылыоқып грантты жеңіп алдым.505 мың грант жеңіп алып осы кәсібімді бастадым.Маға бұның ойыншықтардың түрткі болғаны.Біздің балаларымыз жұмсақ ойыншықтарды жақсы көреді ойнағанды.Сосын Қытайдан келеді,Өзбекістаннан әпкем екеуміз бұрын жұмыс істегенбіз осы салада осыны өзіміздің Қазақстандық өнім ретінде осыны бұрыннан шығарсақ деген ниет болды.

Сондай-ақ, жас кәсіпкер ағымдағы жылы «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлік палатасы Мақтаарал аудандық филиалына жеңілдетілген несие алуға өтінім берген. Аталған қаржыға тігін машиналар санын артырып, жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамтымақ ниеті бар.

Перизат Ортай                        

Тақырып бойынша материалдар

БЕЛГІЛІ ҚАЛАМГЕР ТАЛҒАТ ОРМАНОВ ӨМІРДЕН ОЗДЫ
19:35, 7 шілде 2020
БЕЛГІЛІ ҚАЛАМГЕР ТАЛҒАТ ОРМАНОВ ӨМІРДЕН ОЗДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КАРАНТИН КЕЗІНДЕ ҚҰДАЛЫҚ ӨТКІЗГЕН МЕЙРАМХАНА АНЫҚТАЛДЫ
15:40, 2 шілде 2020
КАРАНТИН КЕЗІНДЕ ҚҰДАЛЫҚ ӨТКІЗГЕН МЕЙРАМХАНА АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...
ШЫМКЕНТЕ ӘЙЕЛ КӨПІРДЕН СЕКІРІП КЕТПЕК БОЛДЫ
16:30, 2 шілде 2020
ШЫМКЕНТЕ ӘЙЕЛ КӨПІРДЕН СЕКІРІП КЕТПЕК БОЛДЫ
Толығырақ...
АУРУДЫҢ АЛДЫН АЛУДЫҢ ТӨТЕ ЖОЛЫ  КАРАНТИН
16:32, 2 шілде 2020
АУРУДЫҢ АЛДЫН АЛУДЫҢ ТӨТЕ ЖОЛЫ КАРАНТИН
Толығырақ...