ШҰҒЫЛ! ЖОЛ МӘСЕЛЕСІ ӨЗЕКТІ Толығырақ

БАСТАУЫШ МЕКТЕБІ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

13:42, 2 қыркүйек 2019

Шардара ауданындағы барлық мектептерде де алғашқы қоңырау соғылды. Ауданда жаз айларында бірнеше мектеп күрделі жөндеуден өтті. Жаңа оқу жылында 60 орындақ бастауыш мектебі пайдалануға берілді. Заман талабына сай соңғы технологиямен жабдықталған білім ұялары оқу жылын тың серпінмен бастамақ.

 Мұхтар Әуезов атындағы мектеп биыл ғана күрделі жөндеуден өтті. Құрылыс сапасы көңілдегідей. Аудандағы  білім мекемелері оқулықтар мен қажетті құрал-жабдықтармен қамтылған.

Қайрат Жолдыбай - Шардара ауданының әкімі

қазіргі кезде мемлекет тарапынан оқушылардың сапалы білім алуына көптеген жағдайлар жасалған. Атап айтар болсақ, күні кеше Шардара қаласына қарасты Мұнайбаз ауылында 60 орындаық жаңа мектеп ашылды. Одан бөлек, Қызылқұм, Аманжолов, М.Әуезов мектептері күрделі жөндеуден өткізілді.

 Биыл Шардара  ұстаздары жаңартылған білім мазмұнына сай қайта даярлықтан өтті. Ендігі міндет – ел тізгінін ұстар тұлға даярлап, сапалы білім беру.

Еркін Ақбердиев -  М.Әуезов  атындағы ЖОМ директоры

Біздің мектебімізді былтыр 1542 оқушы аяқтаса, биыл 1619 оқушыға жетті. Бірінші сыныпқа 123 оқушы қабылданды. 67 сынып комплексі құрылды.

Жазғы демалыстан оралған оқушылар алтын ұяларымен сағына қауышты. Мереке соңы ән мен жырға ұласып, алғашқы қоңырау соғылды.

 

Дана Мырзақадір        

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН ЕЛ  КУБОГЫ САРАПҚА ТҮСТІ
19:59, 18 қазан 2019
ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН ЕЛ КУБОГЫ САРАПҚА ТҮСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТҰРАНДАҒЫ ӘДИЯҒА  ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ЖҮРДІ
18:09, 16 қазан 2019
ТҰРАНДАҒЫ ӘДИЯҒА ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ЖҮРДІ
Толығырақ...
ЕСІРКЕП БАТЫРДЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ТУРНИР
18:27, 15 қазан 2019
ЕСІРКЕП БАТЫРДЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ТУРНИР
Толығырақ...