ШҰҒЫЛ! АЛКОГОЛЬ ӨНІМДЕРІН ЗАҢСЫЗ ШЫҒАРЫП КЕЛГЕН Толығырақ

БАУЫРЖАН ОТБАСЫЛЫҚ ҮЛГІСІНДЕГІ БАЛАЛАР ҮЙІНДЕ КАРАТЭ ҮЙІРМЕСІ АШЫЛДЫ

12:44, 7 ақпан 2020

Сайрам ауданындағы Көмешбұлақ ауылында орналасқан Бауыржан отбасылық үлгісіндегі балалар үйінің тәрбиеленушілері спортпен кәсіби тұрғыда шұғылданып келеді. Түркістан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Полат Қырықбаев жастарға спорттық киімдер мен құрал-жабдықтар тарту етіп, қайрымдылық жасап оларды қуантып қайтты.

p>Мемлекет қамқорлығындағы балалар әрбір таңды дене шынықтыру жаттығуларын жасап қарсы алады. Дені сау-ұрпақ болашақтың кепілі деген қағиданы ұстанатын Бауыржан отбасылық үлгісіндегі балалар үйінің тәрбиеленушілері спортпен кәсіби тұрғыда айналысады. Мұнда қазір 60 жасөспірім   тәрбиеленуде. Көмешбұлақ аулындағы балалар үйіне арнайы барған Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Полат Қырықбаев тәрбиеленушілермен кездесіп, еліміздің ертеңі болар-жастарға адамның дені сау болу үшін спортпен тұрақты түрде шұғылдану қажет екендіктерін айтты.

 

ПОЛАТ ҚЫРЫҚБАЕВ - ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Бауыржан отбасылық балалар үйінің тәрбиеленушілері білім алатын №29 Керім Тіленшиев атындағы жалпы орта мектебінде каратэ спортынан үйірме ашылды. Мектеп директоры Дәмегүл Залиеваның айтуына қарағанда, білім мен спортты қатар дамыту қазір заман талабы. Шәкірттер каратэ спортынан кәсіби тұрғыда бапкерлерден тәлім алып, болашақта еліміздің намысын қорғайтын болады.

ДӘМЕГҮЛ ЗАЛИЕВА - №29 ЖАЛПЫ ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ

Басқарма басшысы Полат Наурызбайұлы басқосуда кемелді келешек иелеріне олимпиада ойындарының бағдарламасына жаңадан енген бұл спорт түрі-каратэмен шұғылдану арқылы шымыр әрі дені сау болып қалыптасатындығын жеткізді. Ал, Бауыржан отбасылық балалар үйінің директоры Саттар Нұрпейісов қазір мемлекетіміз балалардың сапалы білім алып, спорт өнерімен жан-жақты шұғылданулары үшін барлық жағдайлар жасап жатқандығына тоқтала өтті.

САТТАР НҰРПЕЙІСОВ - БАУЫРЖАН ОТБАСЫЛЫҚ ҮЛГІСІНДЕГІ БАЛАЛАР ҮЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ

Мұнда отбасылық негізде тәрбиеленетін балалардың алдарына қойған айқын мақсаттары бар. Олар дене шынықтырумен айналысып, болашақта еліміздің түрлі саласында жемісті қызмет атқарар азамат болуды қалайды.   

Нұрсұлтан   Әбдірашит                 

Тақырып бойынша материалдар

БІЛІМ НЫСАНДАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН
20:23, 30 қазан 2020
БІЛІМ НЫСАНДАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН
Толығырақ...
МҰРАТ ӘЙТЕНОВ: ХАЛЫҚ АҚШАСЫ - ХАЛЫҚҚА ЖЕТУ КЕРЕК
20:21, 30 қазан 2020
МҰРАТ ӘЙТЕНОВ: ХАЛЫҚ АҚШАСЫ - ХАЛЫҚҚА ЖЕТУ КЕРЕК
Толығырақ...
20:21, 30 қазан 2020
МҰРАТ ӘЙТЕНОВ: ХАЛЫҚ АҚШАСЫ - ХАЛЫҚҚА ЖЕТУ КЕРЕК
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

20:21, 30 қазан 2020
МҰРАТ ӘЙТЕНОВ: ХАЛЫҚ АҚШАСЫ - ХАЛЫҚҚА ЖЕТУ КЕРЕК
Толығырақ...