ШҰҒЫЛ! 284 МЫҢҒА ЖУЫҚ ШЫМКЕНТТІК 42 500 ТЕҢГЕДЕН АЛДЫ Толығырақ

БАЗАРЛАР САНИТАРЛЫҚ ТАЛАБЫН САҚТАЙ МА?

15:08, 22 мамыр 2020

Базарларда қалың халық, қызу сауда жүргізуде. Бірақ, санитарлық талаптар қатаң сақталуы тиіс. Бұл өз кезегінде аты жаман індеттің таралуына тосқауыл болады. Бүгін Шымкент қаласына қарасты Абай аудандық әкімдігі маниторинг жүргізіп, жалпыға ортақ міндеттің орындалу барысын бағамдап қайтты.

Халық арасында «Крытый рынк» аталған «Жабық базарда» бүгінде жұмыс қызу жүріп жатыр. Сатып алушысын тапқан орталықта халықтың нөпірі үзілмегендіктен санитарлық талапта сәйкесінше сақталуы тиіс. Базар басшылығы талапты қатаң сақтап отырмыз – дейді.
Хасым Нәбиев – «Жабық базар» сауда орталығының директоры
Жергілікті атқарушы биліктің бұған дейінде сауда орталықтарын аралап, талаптың орындалу барысын пысықтап жүргенін айтқанбыз. Бұл жолы да ауданға қарасты 13 базардың біріне атбасын бұрды. Жағдайды көзбен көріп, танысқан жауаптылар тәртіп бұзушылықты байқады. Ауызша ескерту жасап, шектелді. Жедел олқылықты орнына келтірген сатушылар өз қатесін түсінді.
Есімжан Заңқоев – Шымкент қаласы, Абай ауданы әкімінің орынбасары
Миллиондар қаласында тұрғындардың талапты орындау тәртібі қанағаттанарлық жағдайда. Бірі санитарлық талапты орындап, өз қауіпсіздігін назардан тыс қалдырмайды. Енді бірі қарапайым медициналық маскасын таққысы келмейді. Салдарынан коронавирус жұқтырды деген азаматтар саны артпаса кемімей отыр.
Нұрсұлтан Мұхамеджан   

Тақырып бойынша материалдар

ЖАЗАСЫН ӨТЕУШІЛЕР  БАЛАЛАРҒА ТАРТУ ЖАСАДЫ
13:26, 1 маусым 2020
ЖАЗАСЫН ӨТЕУШІЛЕР БАЛАЛАРҒА ТАРТУ ЖАСАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МАСКА ТАҚПАСАҢЫЗ 13890 ТЕҢГЕ АЙЫППҰЛ ТӨЛЕЙСІЗ
16:11, 29 мамыр 2020
МАСКА ТАҚПАСАҢЫЗ 13890 ТЕҢГЕ АЙЫППҰЛ ТӨЛЕЙСІЗ
Толығырақ...