ШҰҒЫЛ! Шымкентте залалсыздандыру жұмыстарына демеушілер де атсалысуда Толығырақ

БАЗАРЛАРДАҒЫ АХУАЛ МЕН ТАУАР БАҒАСЫ

20:10, 20 наурыз 2020

Шымкент қаласындағы Абай ауданының өзінде 13 әлеумет базар бар. Барлығы төтенше жағдайдың алдын алу бағытындағы іс-шараларды тұрақты түрде жүргізіп, санитарлық – дезинфекциялық жұмыстарға баса назар аударуда. Жұмыс кестесі қысқарған сауда-саттық орындарында тауар бағасына да маниторинг жасалып, қалыпты көрсеткішті байқатып отыр. Аудан әкімі Бұқарбай Парманов, жүйелі жұмысына сенім белдіреді. Халықты алаңдамауға шақырады.

Таңғы сағат 9:00. Базарда тазалық сақшылары мен күзет қызметі. Сондай-ақ, тексеруге келген аудан әкімінен басқа ешкім жоқ. Бұған дейін осы уақытта ығы-жығы қарбалас тірлік пен сауда-саттықтың көркі қызатын уақыт еді.  Ел билігі мен денсаулық сақтау министрлігінің тапсырмасына тоқтаған мұндағы кәсіпкерлер қазір 11-де жұмысты бастап, 17:00 де тарқайды. Бұл ең алдымен коронавирус індетінің таралмауына жағдай жасайды – дейді аудан әкімі. Екі жақты түсіністік орнап, ортақ ымыраның барын айтады.

Бұқарбай Парманов – Шымкент қаласы, Абай ауданының әкімі

 «Самал» базары 5 гектар аумақты алып жатыр. Мұнда 1200 сауда нүктесі жұмыс істеп тұр. Күнделікті несібесін азық-түлік пен киім-кешек сатып тапқан ағайынның жаңа жұмыс кестесіне үйренісіп  кеткені байқалады. Бұған дейін ешқандай тәртіп бұзушылық орын алмапты. Соған қарағанда бұқараның жағдайға жанымен мән беріп, ауыр індеттің беті қайтуын бір кісідей үлес қосуды көздейтін сыңайлы.

Нұрбек Мауленов – «Самал» базарының атқарушы директоры

Абай ауданы халқы тығыз орналасқан аумақ. Мұнда әлеуметтік нысандар мен  59 тойхана, 249 мейрамхана мен дәмхана бар. Барлығында тәртіпке сәйкес атқарылып отырған тірлік те бар. Соған қарағанда жергілікті билік пен тұрғындар арасындағы байланыста өз деңгейінде жүзеге асып отырғанын байқайсыз.

Н. Мұхамеджан        

Тақырып бойынша материалдар

Шымкентте залалсыздандыру жұмыстарына демеушілер де атсалысуда
12:55, 31 наурыз 2020
Шымкентте залалсыздандыру жұмыстарына демеушілер де атсалысу...
Толығырақ...
Әл-Фараби ауданында 45 кәсіпкер өз еркімен жұмысын тоқтатты
12:48, 31 наурыз 2020
Әл-Фараби ауданында 45 кәсіпкер өз еркімен жұмысын тоқтатты
Толығырақ...
Шымкентке кіріп шығуға шектеу қойылады!
12:14, 31 наурыз 2020
Шымкентке кіріп шығуға шектеу қойылады!
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Шымкентте бір адамнан коронавирус анықталды
01:01, 25 наурыз 2020
Шымкентте бір адамнан коронавирус анықталды
Толығырақ...
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің қала тұрғындарына мәлімдемесі
09:23, 26 наурыз 2020
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің қала тұрғындарына м...
Толығырақ...