ШҰҒЫЛ! ЖОЛ МӘСЕЛЕСІ ӨЗЕКТІ Толығырақ

БЦЖ ВАКЦИНАСЫН АЛҒАН НӘРЕСТЕЛЕРДІҢ ЖАҒДАЙЫ БІРҚАЛЫПТЫ

15:41, 5 қыркүйек 2019

Жапон елінің өндіруші зауыты туберкулезға қарсы вакцинасын 35 елден қайтарып алғанын айтқан болатынбыз.Бүгінде Қазақстанда туберкулезға қарсы вакцинациялау уақытша тоқтатылды. Шымкенттік дәрігерлер қала халқын қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында профилактикалық іс-шарасын ұйымдастырды.

Шымкент қалалық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті ұйымдастырған жиынға учаскелік дәрігерлер толықтай қатысты. Ақ халаттыларға орын алған жағдайға байланысты мүмкіндігінше егу алған балаларды жіті бақылауға алу тапсырылды. Барынша иммундық-профилактикалық жұмыстарын жүргізіп, вакцинациялау жайында дұрыс ақпарат берілуі айтылды.

ӘБДІМАНАП ТӨЛЕБАЕВ – Шымкент қаласы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департментінің басшысы

Департамент басшысы «Балаларды иммундау үшін дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен сапалы вакциналар» сатып алынатынын айтты. Ал, Шымкент қаласында жыл сайын туберкулезға қарсы 35500 ден астам жаңа туған нәресте екпе егіледі. Одан өзге   6-7 жастағы 16 600-дей  балаға вакцина егілген. Әзіргі таңда иммундаудан кейін қолайсыз көріністер орын алған жоқ, БЦЖ вакцинасын алған нәрестелердің жағдайы бірқалыпты дейді, дәрігерлер.  

ЗАБИРА ЕСЕНҒАРАЕВА – Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің Шымкент қаласы бойынша инфекциялық ауруларды эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің басшысы

Қазіргі уақытта Денсаулық сақтау министрлігі Үндістанда жасалған БЦЖ вакцинасын сатып алу және жеткізу мүмкіндігін қарастыруда. Ол 3 айдың көлемінде жүзеге асады.

М. Жорабай                                                                                

Тақырып бойынша материалдар

ШЫМКЕНТТЕ 70-КЕ ЖУЫҚ ҰЛТ ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ ЖАЗЫЛҒАН БИЛБОРДТАР ІЛІНДІ
13:53, 13 қазан 2019
ШЫМКЕНТТЕ 70-КЕ ЖУЫҚ ҰЛТ ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ ЖАЗЫЛҒ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар