ШҰҒЫЛ! 284 МЫҢҒА ЖУЫҚ ШЫМКЕНТТІК 42 500 ТЕҢГЕДЕН АЛДЫ Толығырақ

БӘЙДІБЕК БАТЫР АНАҒА БАЙ

18:27, 6 наурыз 2020

Шұғылалы көктемнің шуақты мерекесін батыр анаға бай Бәйдібек ауданы да жоғары деңгейде атап өтті. Алтын құрсақты аудан азаматшаларын әкімдік қызметкерлері арнайы құттықтап, құрмет көрсетті. Бала туу көрсеткіші бойынша көш басында тұрған аймақтың ақ жаулықтылары сый-сияпатқа кенелді.

Бәйдібек ауданында   220 батыр ана бар.  820 адам алтын, 1190-ы күміс алқа иегері.   Солардың бірі  Бестоғай елді мекенінің тұрғыны Үрзада Досжанова. Жасы сексенді сеңгірген қазыналы қария 10 баланы дүниеге әкелген. Тағдырдың тауқыметіне қарамай бәрін өсіріп, оқытып-шоқытты. Бүгінде перзенттері өмірден өз орнын тауып, тамырын тереңге жайған мерейлі отбасыға айналды. Шаңырағының шаттығы болған кейуана бейбіт күнде берекелі ғұмыр кешіп жатқанына шүкіршілік етеді.

Үрзада Досжанова – Батыр ана

Айшаөрік Төрткүлбекова Бәйдібекке 23 жасында келін болып түскен. Қаланың ақ саусақ қызы болған ол ауылдың тіршілігіне бірден үйреніп кете қоймаған. Ене мектебінен өтіп бүгінде бір әулеттің ұйытқысы болып отыр. 11 құрсақ көтеріп, өсіріп, жетілдірді. Қыз ұзатып, келін алды. Бекерелі елде шуақты мерекені атап өту елдегі татаулық пен тұрақтылықтың арқасы,- дейді қария.

Айшаөрік Төрткүлбекова – Батыр ана

8 наурыз халықаралық әйелдер күні ауданда дәстүрлі түрде жоғары деңгейде аталып өтіледі. Алтын құрсақты аналарға бай аймақ қарияларын қазынаға балап, берген батасымен көгеріп отыр.

Д.Өмірзақова          

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

МАСКА ТАҚПАСАҢЫЗ 13890 ТЕҢГЕ АЙЫППҰЛ ТӨЛЕЙСІЗ
16:11, 29 мамыр 2020
МАСКА ТАҚПАСАҢЫЗ 13890 ТЕҢГЕ АЙЫППҰЛ ТӨЛЕЙСІЗ
Толығырақ...