ШҰҒЫЛ! 660 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ Толығырақ

БӘЙДІБЕКТЕ СПОРТ АЛАҢЫ АШЫЛДЫ

13:03, 16 мамыр 2019

Бәйдібек ауданында жаңа спорт алаңы ел игілігіне берілді. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы «Туған жер» жобасы аясында бой көтерген нысан заман талабына сай толықтай жабдықталған. Аймақтың құрметті азаматтары салтанатты түрде жаттығу орнының лентасын қиды.

Бұл «Ешмұрат Сейтмұратов» атындағы жаңадан салынған спорт алаңы. Құрылысы 2018 жылдың тамыз айында басталған нысанның аумағы 420 шаршы шақырымды құрайды. Құрылыс жұмыстарына 17 млн қаржы жұмсалыпты. Мұнда ауыл тұрғындары түрлі спорттық ойындармен шұғылданып,  жаттығуына зор мүмкіндік жасалған.

Бақытбек Танакөзов – Бәйдібек ауданының әкімі

Жастардың парасатты, дені сау болуы үшін спорттық алаңдардың көптеп ашылғаны дұрыс. Қыруар қаражатты талап ететін мқндай бастамаларды өз қаражатына салып, демеушілік жасайтын жомарт жандар халық арасында жетерлік.

Жаңа спорт алаңының ашылғанына жастармен қатар кішкентай бүлдіршіндер де қуанышты. Дәл осы маңнан балалар алаңқайы салынып, түрлі ойын жабдықтары  қойылған.

 Нұрмаханбет Әжіметов – Бәйдібек ауданының құрметті азаматы

Бұл жеке бастың жұмысы емес, жалпы жастарымыз үшін, солардың жағдайын жасау үшін спорт алаңын жасапты. Келешекте осы спорт залда жастарымыз үйреніп, үлкен азамат болып, елге белгілі чемпион болып шықсын. Ел -үшін, халық үшін жасағандарына рахмет. Соған лайықты жастарымыз өсіп-өне берсін.

Ешмұрат Сейтмұратов саналы ғұмырын шәкірт тәрбиелеуге арнаған білікті ұстаз. Ұлы Мэлс Ешмұратов туған жерге тағзым ретінде демеушілік жасап, спорт алаңын әке атына берді. Жеке кәсіпкер, өркениетті елдермен терезе теңестіріп, нық тіресу үшін ауылға айрықша назар аудару керектігін алға тартады.

Мэлс Ешмұратов – жеке кәсіпкер

Өзімнің туған өлкеме, жеріме Жастар жылы аясында халқыма деп, спорт алаңын аштық. Халқыма көп-көп рахмет. Осы алаңда жастар ойнап, жастардың денсаулығы жаөсарып, ауылдан, облыстық, республикалық спортшылар шықса біз соны қалаймыз.

Мұндай алаңдардың ашылуы жастардың спортқа деген қызығушылығын арттыра түсетіні сөзсіз.

Ә. Дәулетбекқызы                                                   

Тақырып бойынша материалдар

ДОПИНГ ҚОЛДАНҒАНДАРҒА ЖАЗА ҚАТАҢДАТЫЛАДЫ
19:47, 18 қыркүйек 2019
ДОПИНГ ҚОЛДАНҒАНДАРҒА ЖАЗА ҚАТАҢДАТЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КҮЛТӨБЕДЕН II ҒАСЫРДЫҢ  АЛТЫНДАРЫ  ТАБЫЛДЫ
17:33, 12 қыркүйек 2019
КҮЛТӨБЕДЕН II ҒАСЫРДЫҢ АЛТЫНДАРЫ ТАБЫЛДЫ
Толығырақ...
БАҒДАРЛАМА ЖҮРЕК АУРУЛАРЫНЫҢ АЛДЫН АЛУДА
17:28, 13 қыркүйек 2019
БАҒДАРЛАМА ЖҮРЕК АУРУЛАРЫНЫҢ АЛДЫН АЛУДА
Толығырақ...