ШҰҒЫЛ! ЖАСТАР МЕН КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАР ҚОНЫС ТОЙЫН ТОЙЛАМАҚ Толығырақ

БӘЙДІБЕКТЕ ЖАҢА КІТАПХАНА МЕН САЯБАҚ БОЙ КӨТЕРЕДІ

18:23, 13 мамыр 2019

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев арнайы іс-сапармен Бәйдібек ауданына барды. Ең алдымен Бәйдібек ата елдімекенінің тұрғындармен кездесті. Жиында аудан әкімі Бақытбек Танагөзов «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында өңірде атқарылатын жұмыстармен таныстырды.

Бағдарлама аясында аудандағы Бәйдібек ата ауылында «Тағзым» саябағы салынып, ауыл ішіндегі бірнеше автомобиль жолдары қайта жөндеуден өтетіні баяндалды. Сондай-ақ, аудан орталығы Шаянда Орталық саябақ абаттандырылып, жаңа кітапхана бой көтеретін жеткізді. Сонымен қатар, жиында облыс әкімі ауыл тұрғындарының өтініштері бойынша жаңа стационарлық орталықтың құрылысы мен Бәйдібек баба - Домалақ ана жолын қайта жөндеуден өткізу қажеттігін тапсырды. 

Өмірзақ Шөкеев – Түркістан облысының әкімі

 Бақытбек Танагөзов – Бәйдібек ауданының әкімі 

Сапар барысында облыс басшысы Ақбастау ауылдық округі аумағындағы Біріккен Араб Әмірлігінің құс өсіру орталығымен танысты. Құрылыс жұмыстарын бастағалы бері ауданға 68 млрд. теңге инвестиция құйылған. Онда қазіргі таңда 400-ге жуық адам жұмыс істейді. Халықаралық қордың мақсаты – дуадақ құсын қорғау және олардың санын көбейту. Соңғы екі жылда 800-ден астам дуадақ еркіндікке жіберілген. Ал, «Бердібай» шаруа қожалығы 2005 жылы құрылған. Шаруашылық бүгінде асылтұқымды мал басын артырумен айналысып отыр. Облыс әкімі қожалық иесіне мал басын көбейтуді тапсырса, ал, аудан әкімдігіне қожалыққа қажетті су, электр мәселесін шешуді жүктеді. 

Ұлы Жеңістің 74 жылдығы мерекесіне орай, облыс әкімі Шаян ауылының тұрғыны «Ұлы Отан» соғыс ардагері, облыстың «Құрметті азаматы» Бейсенбек Игісінұлының шаңырағына арнайы барып, мерекемен құттықтады.

  Сондай-ақ, облыс әкімі Шаян ауылындағы жабық теннис корты мен жабық жүзу кешеніне ат басын бұрып, ондағы ашық спорт алаңшаларымен танысты. Жабық теннис кортында спортшыларға барлық жағдай жасалған. Бассейнде бір ауысымда 32 адам жүзу спортымен машықтана алады. Сонымен қатар, спорттың волейбол, баскетбол, футбол, теннис түрлері мен спорт залдарына арналған ашық алаңшалар бар. Өңір басшысы салауатты өмір салтын ұстануда спорттың рөлі зор екенін айтып, өңірлерде спорттық кешендерді көбейтуді тапсырды.

Нұрсұлтан Мұхамеджанұлы                                                                     

Тақырып бойынша материалдар

МЕГАПОЛИСТІҢ ҮШ ЖЫЛДЫҚ БЮДЖЕТІ БЕКІДІ
18:28, 11 желтоқсан 2019
МЕГАПОЛИСТІҢ ҮШ ЖЫЛДЫҚ БЮДЖЕТІ БЕКІДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕГАПОЛИС ПРОКУРОРЛАРЫ  МАРАПАТТАЛДЫ
18:33, 6 желтоқсан 2019
МЕГАПОЛИС ПРОКУРОРЛАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...