ШҰҒЫЛ! РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БІРЫҢҒАЙ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ КҮНІ Толығырақ

БЕЙІМГЕ ҚАРАЙ КӘСІП ТАҢДАУ – ҰТЫМДЫ

14:06, 11 қыркүйек 2019

Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы Шардара ауданында қарқынды жүзеге асуда. Жоба аясында аймақ тұрғындары техникалық және кәсіптік бағыттағы мамандықтар бойынша 3 айлық курстан өтіп жатыр. Жұмыстың барысын көруге облыс әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев Шардара ауданына іс-сапармен барды.

Шардара халқы кәсіптің қай түріне болмасын, машық. Сондықтан, мемлекеттік бағдарлама шарапатынан шет қалғысы келмейді. Орталыққа келіп, жаңа жұмыс бастауға ынталы тұрғындардың да қарасы қалың. Жоба өз кезегінде жұмыссыздықты жоюға сеп. Бұл - аудан әлеуетінің артуына да ықпал етпек.

Садық Ерманов- Шардара ауданының тұрғыны

76 жасқа келдім. Пенсионермін. Темір магазинім бар. Тағы кәсіпкерліктен СТО, мойка, магазин тағы ашып, халықты жұмыспен қамтамасыз етемін.
 Сапар барысында облыс әкімінің орынбасары бастаған топ  "Хамит АШӨК" балық өңдеу зауыты мен  "Шардара ГЭС" АҚ жүргізіліп жатқан қайта жаңғырту жұмыстарымен танысты. Сонымен қатар Шардара ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудандағы кәсіпкерлермен кездесті.Кездесу барысында арзандатылған пайызбен несие алу жолдары, кәсіпкерлік нысандарына шу және дамыту мәселелері қозғалды.

Бағдарлама аясында білімін жетілдіруші азаматтарға шәкіртақы, жолақы беріледі. Мемлекеттен қолдау тапқан аймақ тұрғындары артқан үмітті ақтауға мүдделі.

Ұ.Байниязова                        

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕН СОЛТҮСТІККЕ АТТАНҒАН ОТБАСЫ
17:42, 11 қараша 2019
ШЫМКЕНТТЕН СОЛТҮСТІККЕ АТТАНҒАН ОТБАСЫ
Толығырақ...