ШҰҒЫЛ! ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ ТАЛҚЫЛАНДЫ Толығырақ

«БЕКЗАТ» ФИЛЬМІНІҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ

15:29, 1 қазан 2019

«Хабар» Агенттігі» АҚ тапсырысымен түсірілген “Бекзат” көркемфильмінің тұсаукесер рәсімі өтті. Кино картина Сидней Олимпиадасының чемпионы марқұм Бекзат Саттархановтың өмірі мен спорттағы жетістігіне арналады. Кинотуындының режиссері - Мұрат Бидосов. 20 жасында жасындай жарқ еткен боксшы жайындағы фильмді тамашалауға Бекзаттың ата-анасы Сейілхан және Сырлыкүл Саттархановтар арнайы келді.

Жасындай жарқ еткен жұлдыз -  жиырмасында Ер Бекзат атанып, олимпиада шыңын бағындырған қайталанбас тұлға. Оның ерлігі, еңбекқорлығы, намысшылдығы талай жасқа жігер беріп, мақтанышына айналған. Фильмнің сюжеттік желісінде Бекзат Саттарханов балалық шағы, боз бала кезеңі және өмірінің соңғы сәті бейнеленген. Ал, Бекзаттың рөлін «Astana Musical» мемлекеттік театрының актері Самат Әзімқұлов сомдаған.

 Самат Әзімқұлов - Бекзаттың рөлін сомдаған актер

маған ешкім айтқан жоқ сен осы рөлге лайықтысын деп. Сені осы кісі таңдады деп. Маған бар болғаны фильмнің режиссері Мұрат Бидосов ағамыз хабарласты. Басында білген жоқпын Бекзат Саттархановтың фильмі болатынын. Мені кездесуге шақырып, 1-2 шыны шәй ішкеннен соң бірақ білдім. Бала күнгі арманым десем де болады. Сыныптастарым куә, Бекзат ағамызды бұрыннан насихаттап келе жатырмын. 

Кинотуындыда 90 жылдардың басындағы Бекзаттың балалығы қиын-қыстау кезеңге тап келгені бейнеленеді. Оның арманы, намысқой бітімі әр бір сәтте сыналып отырады. Сонымен қатар, боксқа деген ерекше қызығушылығы,  ата-анасының  баласына көрсеткен қолдауы  суреттеледі.

 Сейілхан Саттарханов - Бекзаттың әкесі

Бізге ұнайды. Бізге керемет! Шыға бергені жақсы. Бірақ оның барлығының бағасын халық береді. Көрермендер береді. Шынында да Бекзатты 19 жыл болды ел, халық, қатты сағынғаны рас. Бекзаттың киносын көргісі келеді. Мүсінін көргісі келеді. Сондықтан ештен кеш жақсы дейді. Ақ жол тілейміз.

Сырлыгүл Саттарханова - Бекзаттың анасы

Біз қуанышты бір керемет күйде отырып көрдік. Көп жерлері енді қуанғандықтан ба ойда қалған жерлері де бар. Шыққаннан соң, кішкентай бір ескерту айтқан жеріміз де бар. Бірақ өте қуаныштымыз. Себебі бұл халықтың қазақ елінің аңсап күткен киносы бұл. Киноға атсалысқан барша азаматтарға аналық алғысымды білдіремін.

Фильмнің ұзақтығы   1 сағат 20 минутты құрайды. 3 қазаннан бастап отандық кинорежисердің туындысы республикамыздағы барлық кинотеатрларында көрермен назарына ұсынылмақ.  

М.ӘСЕМБЕК                 

 

Тақырып бойынша материалдар

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМ
19:44, 22 қараша 2019
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар