ШҰҒЫЛ! ҚҰРБАН АЙТ НАМАЗЫ ОҚЫЛМАЙДЫ Толығырақ

БЕЛГІЛІ ҚАЛАМГЕР ТАЛҒАТ ОРМАНОВ ӨМІРДЕН ОЗДЫ

19:35, 7 шілде 2020

Қазақ журналистикасы қарымды қалам иесінен айырылды. «Дөңгеленген дүние» газетінің негізін қалаушы әрі Бас редакторы, белгілі журналист Талғат Орманов 60 жасқа қараған шағында дүниеден озды. Ол 1961 жылы 11 сәуірде Бәйдібек ауданында дүниеге келген болатын.

Талғат Орманов баспасөз саласының дамуы жолында сүбелі үлесін қосқан азамат. Еңбек жолын Оңтүстік телеарнаның Созақ ауданындағы меншікті тілшісі болып бастаған. Сол жылдары үш ауданнан хабар таратып, жаңалықтың жаршысы болды. БұҺараның басынасын билікке именбей айтып, қара халықтың қамын басты орынға қойды. Тұрғындар арасындағы түйінді мәселелерді көтеріп, оң шешімін таба білді. Ордабасы, Бәйдібек, Созақ аудандарындағы меншікті тілші болған жылдар ішінде қазақтың жазиралы даласын кезіп, көркем табиғатын кеңінен насихаттады. Жасаған репартаждары республикалық арналардан жиі көрсетіліп, жоғары бағаға ие болды. Небір қилы кезеңдерде уақытпен санаспай қызмет етіп, қызметін абыроймен атқара білді. Кейін «Дөңгеленген дүние» газетінің негізін қалап, ақырғы демі біткенше қолынан қаламы түспеді. Сұм ажал қарымды қаламгердің демін ерте үзді. Ардақты әріптесіміз Талғат Ормановтың жақындары мен туыстарына қайғырып көңіл айтамыз.  

Тақырып бойынша материалдар

ОНЛАЙН ҚҰРБАН ШАЛУ ШАРАСЫ ҚАНДАЙ ДЕҢГЕЙДЕ ӨТТІ?
18:47, 4 тамыз 2020
ОНЛАЙН ҚҰРБАН ШАЛУ ШАРАСЫ ҚАНДАЙ ДЕҢГЕЙДЕ ӨТТІ?
Толығырақ...
100 МЫҢНАН АСТАМ АЗАМАТТАН COVID-19-ҒА СЫНАМА АЛЫНҒАН
18:34, 4 тамыз 2020
100 МЫҢНАН АСТАМ АЗАМАТТАН COVID-19-ҒА СЫНАМА АЛЫНҒАН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

42 500 ТЕҢГЕГЕ ӨТІНІШТЕР 1-ҚЫРКҮЙЕККЕ ДЕЙІН ҚАБЫЛДАНАДЫ
15:36, 29 шілде 2020
42 500 ТЕҢГЕГЕ ӨТІНІШТЕР 1-ҚЫРКҮЙЕККЕ ДЕЙІН ҚАБЫЛДАНАДЫ
Толығырақ...
ЖАҢАШЫЛДЫҚ -  ЖАҢА  НӘТИЖЕЛЕРГЕ ЖЕТКІЗУДЕ
15:04, 29 шілде 2020
ЖАҢАШЫЛДЫҚ - ЖАҢА НӘТИЖЕЛЕРГЕ ЖЕТКІЗУДЕ
Толығырақ...