ШҰҒЫЛ! ОТАН ҮШІН ОТ КЕШКЕН ЖАН ҮЙСІЗ ЖҮР Толығырақ

Берекесі тасыған ауыл

13:45, 12 қаңтар 2018

Әйгілі Боралдай өзені бойын жайлаған Боралдай ауылында жағымды жаңалықтар жетерлік. Өткен жылы өзен жағалаулары бетонмен қапталып, көпірлер салынса, биыл көгілдір отын келмек. Қазір газ құбырлары әр үйге жеткізіліп, есептегіштер орнатылған. Бұл... елдімекендер табиғи газға қосылуға 100 пайыз дайын дегенді білдіреді.

Жалпы, бұл ауылда елдің әлеуметтік тұрмыс жағдайынан бөлек,  қоғамда қандай қиындық болса да,  мәдени-рухани тіршілік  тоқтаған емес.    Клуб пен мәдениет үйі, кітапханасы да ешқашан жабылмаған. Бұл  үрдіс әлі де жалғасуда.

Ауылда ең қажетті ауызсу, жарық, жол мәселелері ертеден-ақ шешімін тапқан. Енді тұрғындар көгілдір отынды күтіп отыр.

Боралдай ауыл округіне 11 елдімекен енген. Айтубек Маханбетовтің бұл ауылға әкім болып келгеніне көп уақыт болған жоқ. Әйтсе де ауылда басталған игі істерді жалғастыру жолында белсенді еңбек етуде.

Боралдай - қашаннан-ақ берекесі тасыған ауыл.  Ал, осындай ауыл жұрты «көктемде көгілдір отынға кенеліп, бір қуансақ, жазға салым   Боралдайдың бозторғайы атанған Орынбай Таймановтың 150 жылдық тойын  тойлап, тағы бір шаттанымыз», - деп отыр. Ел қуанышы еселенсін.

МҰХТАР Атабек                                                                                      

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЗООБАҚҚА КІРУ ҚҰНЫНЫҢ НЕ СЕБЕПТІ ҚЫМБАТТАҒАНЫН АЙТТЫ
16:14, 19 сәуір 2018
ЗООБАҚҚА КІРУ ҚҰНЫНЫҢ НЕ СЕБЕПТІ ҚЫМБАТТАҒАНЫН АЙТТЫ
Толығырақ...
«АЙБЫН» ОБЛЫСТЫҚ ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ЖИЫНЫНЫҢ  ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ
18:02, 20 сәуір 2018
«АЙБЫН» ОБЛЫСТЫҚ ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ЖИЫНЫНЫҢ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ
Толығырақ...