ШҰҒЫЛ! АРЫС ҚАЛАСЫ 1-ШІ ТАМЫЗҒА ДЕЙІН ҚАЛПЫНА КЕЛЕДІ Толығырақ

БЕРІК ОТБАСЫ –МЕМЛЕКЕТ ТІРЕГІ

17:21, 15 мамыр 2019

Отбасы – мемлекеттің іргетасы, һәм ажырамас бөлігі. Елдің тұрақтылығы мен өсіп өркендеуі – отбасына байланысты. Дамыған дәуірде кез-келген шаңырақ тыныштық пен молшылықта өмір сүруі керек. Сонда ғана мемлекеттің діңгегі берік, керегесі кең болмақ. Бүгін жер-жерде отбасы күні мерекесі аталып өтуде. Шымкенттегі жастар ресурстық орталығында өткен шарадан тілші сюжетіне зер салайық.

 Отбасы берекесі - бірліктің қайнар көзі. Мерекелік шараға қала тұрғындарымен қатар осы күні заңды некеге тіркелген жас жұбайлар қатсыты. Шара барысында отбасы құндылықтары дәріптеліп, шаңырақ шаттығын еселейтін ізгі амалдар паш етілді. Тағлымды шараны Отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасы мен жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы бірлесіп ұйымдастырды.

Біржан Байтуов – айтыскер ақын

Мемлекеттің іргетасы берік отбасы. Үлгілі шаңырақтан басталады. Берік отбасында өнегелі тәрбие алғанда ғана туған жерін ардақ тұтатын азаматтар қалыптасады.

 Ұрпақтар сабақтастығын жалғайтын жас буын бұл күні белсенділік танытты. Ұлттық рух, ұлттық сананы серпілткен шараның жас отбасылар үшін тәрбиелік мәні зор. «Үйлену оңай, үй болу қиын». Жұбайлық өмірде кездесетін қиындықтарды бірлесе жеңіп, түсіністік танытқанда ғана шаңырақтың шырағы сөнбейді,- дейді үйленіп, күні кеше ғана үлкен өмірге аяқ басқан Есіркеп Әбдіхалық.

Есіркеп Әбдіхалық – жас отбасы мүшесі

Біз бүгін қол ұстасып, бір болуға серт бердік. Үйлену оңай, үй болу-қиын ғой. Соны жете түсіну керекпіз...

Отбасы құндылығын сақтау, оны ұрпақтан-ұрпаққа жалғау – ел келешегінің кемелдігін аңғартады. Шара соңында жаңадан шаңырақ көтерген 5 жас отбасыға АХАЖ қызметкерлері неке куәлігін табыс етті. «Отбасы күні» мерекелік іс-шарасы концерттік бағдарламамен қорытындыланды.

Г. Қалмырзақызы                            

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

БАС ДӘРІГЕРЛЕР  КЕҢ КАБИНЕТТЕРІН БОСАТТЫ
12:38, 17 шілде 2019
БАС ДӘРІГЕРЛЕР КЕҢ КАБИНЕТТЕРІН БОСАТТЫ
Толығырақ...
СОЗАҚ ДИҚАНДАРЫ ҚАУЫН-ҚАРБЫЗ ЭКСПОРТТАУДА
12:26, 18 шілде 2019
СОЗАҚ ДИҚАНДАРЫ ҚАУЫН-ҚАРБЫЗ ЭКСПОРТТАУДА
Толығырақ...