ШҰҒЫЛ! 700 КЕЛІ ЕСІРТКІ ТӘРКІЛЕНДІ Толығырақ

БІЛІКТІ ЖУРНАЛИСТ ӨМІРДЕН ӨТТІ

16:59, 5 тамыз 2020

Қазақ журналистаксы тағы бір ауыр қазаға ұшырады. Біздің «Оңтүстік» телеарнасының тілшісі, ардақты әріптесіміз Өмірхан Жолдасбеков 4 ші тамыз күні дүниеден озды. Жаһанды жайлаған індет білікті журналисті де өз ілмегіне іліп кетті. Марқұмның отбасына және туған-туыстарына телеарна ұжымы қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады.

Өмірхан Шабданұлы Жолдасбеков Бәйдібек ауданының тумасы. 1964 жылы 2 ші қыркүйекте дүниеге келген.  Өмірхан  Шабданұлын көпшілік өткір мінезді, білікті журналист ретінде таниды. Көптеген түйіткілді мәселелердің шешімін тарқатып, қолына қалам алған талай жасқа жол көрсеткен    азамат. Тарихы терең «Оңтүстік» арнасының Сайрам және Бәйдібек аудандарындағы меншікті тілшісі қызметін абыроймен атқарған. Сайрам елдімекенінде үш тілде шығатын меншікті газетті басқарып, көпшілікке үлгі болған. Журналистер арасында өтетін спартакиаданың ұйымдастырушысы, спорт саласында да белсенді жан еді. Журналистикада өзіндік із қалыптастырған жан  әріптестерінің де жадында мәңгілікке аңқылдаған ашық жарқын болмысымен есте қалары сөзсіз.

 Маржан Жорабай                                                      

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ КОРЕЯНЫҢ БАС КОНСУЛЫМЕН КЕЗДЕСТІ
18:32, 30 қыркүйек 2020
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ КОРЕЯНЫҢ БАС КОНСУЛЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...
ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУДА ҚАЛА КӨШБАСШЫЛАР ҚАТАРЫНДА
18:30, 30 қыркүйек 2020
ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУДА ҚАЛА КӨШБАСШЫЛАР ҚАТАРЫНДА
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚР Президентінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрайымы Л.К.Рамазанованың қатысуымен отбасы және гендерлік саясат мәселелері жөніндегі жедел онлайн-кеңес өтті
17:06, 25 қыркүйек 2020
ҚР Президентінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-дем...
Толығырақ...
БАҚШАДА  БАЛА  ЖОҚ...  ЕСЕСІНЕ  ӨНІМ  КӨП
15:50, 25 қыркүйек 2020
БАҚШАДА БАЛА ЖОҚ... ЕСЕСІНЕ ӨНІМ КӨП
Толығырақ...