ШҰҒЫЛ! ЖҮРЕККЕ ЖАБЫҚ ТҮРДЕ ЖАСАЛҒАН ОТА СӘТТІ ӨТТІ! Толығырақ

БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗЫҒЫ МЕН ШЫЖЫҒЫ

13:41, 16 қазан 2020

Облысымызда білімберіп жүрген бірқатар педагогтардың өзі жұмысына сай емес.Ұстаздардың білім сапасын анықтайтын тестілеуден 40 педагог өте алмаған. Ал ҰБТ кезінде оқушыларына жауап тасып ұсталған мұғалімдерден не күтуге болады? Оқытушыларды өз еркінен тыс қоғамдық жұмыстарға тарту қашан тоқтайды? Осы және өзге де сауалдар облысымыз бойынша білім сапасын бақылау департаментінің басшылары берген брифингте әңгімеге өзек болды.

Облысымызда 913 мектеп бар. Онда 60 мыңнан аса  мұғалім еңбек етеді. Өзінің санатын арттыру үшін  өткізілетін  мерзімді және мерзімнен тыс тестілеуде педагогтар заң бұзушылыққа жол берген.
Бақытжан Мұхамеджанов - Түркістан облысы білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы
Түркістан облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасына ұсыныс беріліп, педагогтардың тестілеуі бойынша құқық бұзушылыққа орын берген 40 педагогқа тәртіптік шара қаралды.
Биыл ҰБТ да тыныш өткен жоқ. Мұғалімдер білім берудің орнына, құйтырқы амалдар іздеуде.Шардара,Отырар, Жетісай, Мақтарал, аудандарында   оқушыларға жауап тасыған мұғалімдер анықталды. Осылайша өздері оқытқан түлектерге зиянын тигізді.  
Бақытжан Мұхамеджанов - Түркістан облысы білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы
тестілеу кезінде 201 талапкерден тыйым салынған заттар табылып тестілеуге кіргізілмеген. Сондай тестілеу сынағы кезінде 119 талапкер тәртіпті бұзып аудиториядан шығарылды. Тестілеу нәтижесі жойылды.
Мектепте мұғалімдерге сағат бөлу жұмысында да әділетсіздік көп. Бір штатты екіге тіпті төртке бөліп берген мектеп директорлары бар. Мұның бәрі сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызады.
Бақытжан Мұхамеджанов - Түркістан облысы білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы
2020 жылдың 9 айында 155 өтініш тіркеліп,  оның 18-не жоспардан тыс  тексеру жүргізілген. Әкімшілік жауапкершілікке 9 лауызымды және заңды тұлғалар тартылған. Білім заңын бұзғаны үшін 14 лауазымды тұлғаға нұсқама берілді. 4 мектептің лицениясы уақытша тоқтатылды. 90 АЕК көлемінде айыппұл салынған.
Облысымызда мектеп мұғалімдерін еркінен тыс жұмыстарды атқаруға мәжбүрлеу әлі күнге кездеседі. Одан қала берді өзінің негізгі жұмысын сырып қойып, депутат болуға ұмтылған мектеп директорлары партияның сайлауалды іріктеуінде өзгелерден оқ бойы озып келді. Білім беру саласында осындай қызықтар бар.

Н.Кенжехан          

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

АБАЙ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ   9 АЙЛЫҚ ЕСЕБІ ТЫҢДАЛДЫ
18:39, 21 қазан 2020
АБАЙ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ 9 АЙЛЫҚ ЕСЕБІ ТЫҢДАЛДЫ
Толығырақ...