ШҰҒЫЛ! ӨКПЕНІ ЖАСАНДЫ ЖЕЛДЕТУ АППАРАТЫ ЖЕТКІЛІКТІ МЕ? Толығырақ

БІЛІМ НЫСАНДАРЫ ҚАЙТА ЖАҢАРЫП ЖАТЫР

13:00, 10 шілде 2019

Сайрам ауданында құрылыс жұмыстары қарқынды. Биылдың өзінде 5 білім нысаны қайта жаңарып жатыр. Қарабұлақ, Көлкент, Ақсукент, Ақбай ауылының балалары қыркүйекте жаңа мектепке барғалы тұр.

Сайрам ауданы   Қасымбек датқа  ауылындағы №29 Керімбек Тіленшин атындағы жалпы орта мектебі өткен ғасырда бой тіктеген білім ұясы. Талай жылдан бері күрделі жөндеу көрмеген нысанның әбден тозығы жеткен. Енді биыл шатыры ауыстырылып, еден,  есіктері жаңаруда. Қабырғасы да  қайта сыланып , электр жүйесі ауыстырылған.

Мұхамед Абдувалиев – «РГП Еңбек Тараз» мекемесінің өкілі

Қазіргі таңда 4 қабатты 95 пайыз жарық жүйесін біттік. Өздеріңіз көріп тұрғандай крышасын алып черепицамен жауып жатырмыз. Барлық құрылысқа керек материалдар Қазақстанда өндірілген.

 Сайрам ауданында өткен жылы бірнеше мектептің жөндеу жұмыстары басталған. Жібек жолы, Қарасу,  ауылдарындағы мектеп құрылыстары биылғы жылға өтпелі. Бірер айда  талай шәкірт жаңарған мектептің табалдырығын аттағалы тұр.  

 Гүлмира Жұбатова – Сайрам аудандық білім бөлімінің  сектор меңгерушісі

Осы жылы бір мектептің күрделі жөндеу жұмыстарына мемлекеттік сатып алу бойынша ұтыс жеңімпазы анықталды. №24 Мақажанов атындағы жалпы орта мектебі 2019-шы жылдың сәуір айында қабылданды.

 Жөндеу жұмыстары жүріп жатқан нысандарда тапсырыс беруші құрылыс сапасын бақылауда ұстап отыр. Жаңарып жатқан білім ұялары негізінен  отанымызда өндірілген  құралдармен жабдықталуда.

К. Дүйсенбі 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЗАҢСЫЗ ТАСЫМАЛДАУШЫЛАРМЕН КҮРЕС КҮШЕЙТІЛЕДІ
16:16, 3 шілде 2020
ЗАҢСЫЗ ТАСЫМАЛДАУШЫЛАРМЕН КҮРЕС КҮШЕЙТІЛЕДІ
Толығырақ...
СЫНДАРЛЫ ШАҚТА СЫР БЕРМЕГЕН САЛА МАМАНДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
18:07, 3 шілде 2020
СЫНДАРЛЫ ШАҚТА СЫР БЕРМЕГЕН САЛА МАМАНДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...