ШҰҒЫЛ! ӨЖЖ АППАРАТТАРЫ ШЫМКЕНТТЕ ЖАСАЛАДЫ Толығырақ

БІЛІМ НЫСАНДАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН

20:23, 30 қазан 2020

Шымкент қаласында жыл соңында бірқатар білім нысандарында құрылыс жұмыстары аяқталады. Осы орайда бүгін қала әкімі мектептердің құрылыс барысын аралап, жұмыстың сапалы орындалуын бақылады. Мұрат Әйтенов алдымен қосымша құрылысы жүргізіліп жатқан білім нысандарында болды.

Бүгінде Тұрсынбаев көшесіндегі № 84 мектептің қосымша құрылысы «Ақ ордасы» ЖШС тарапынан жүргізілуде. Мердігер компания құрылысты 25 желтоқсанда аяқтауды жоспарлауда. Қосымша ғимаратта 100 орындық асхана құрлысы да жүріп жатыр. Осыған дейін бұл мектепте асхана болмаған болатын.

Бас мердігер «Өмірзақ» ЖШС тарапынан жүргізіліп жатқан № 17 мектептің қосымша құрылысы наурыз айында басталған. Нысан құрылысы жыл соңына дейін ақталады деп күтілуде.  Аталмыш оқу ордаларының құрылысы «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында іске асырылуда. Сондай-ақ, Мұрат Дүйсенбекұлы Бекет батыр – Тәшенов көшесінің қиылысында орналасқан өнер мектебінің құрылысымен танысты. Негізгі ғимараттың жұмыстары және ішкі сылақ жұмыстары толық 100% біткен, ал абаттандыру жұмыстары 90% орындалды.

Айтып өтейік, Шымкент қаласы бойынша жыл соңына дейін жалпы 5100 орындық 9 мектепті пайдалануға беру жоспарланған. Қазіргі таңда 1200 орындық 2 мектеп, 300 орындық 2 білім ордасы ел игілігіне берілді. Қараша – желтоқсан аралығында қосымша әрқайсысы 300 орындық  №17, 63, 84 мектеп  және бір өнер мектебін пайдалануға беру жоспарланып отыр. 

Тақырып бойынша материалдар

ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРҒА ҚАТЫСТЫ ЖҰМЫС ТОБЫ ҚҰРЫЛДЫ
14:24, 25 қараша 2020
ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРҒА ҚАТЫСТЫ ЖҰМЫС ТОБЫ ҚҰРЫЛДЫ
Толығырақ...
«MIRAS» АЙМАҚТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІНІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
14:19, 25 қараша 2020
«MIRAS» АЙМАҚТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІНІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КЕЗЕКШІ СЫНЫПТАРДАҒЫ САНИТАРЛЫҚ АХУАЛ
19:14, 18 қараша 2020
КЕЗЕКШІ СЫНЫПТАРДАҒЫ САНИТАРЛЫҚ АХУАЛ
Толығырақ...