ШҰҒЫЛ! ЖОЛ МӘСЕЛЕСІ ӨЗЕКТІ Толығырақ

БІЛІМДІ ЖАСТАР - ЖАРҚЫН БОЛАШАҚТЫҢ КЕПІЛІ!

14:10, 4 қыркүйек 2019

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғашқы жолдауын білім ордалары оң ықыласпен қабылдады. Қоғамдағы өзекті мәселелерді қозғап, олардың шешілу жолын көрсеткен мемлекет басшысы Елбасы саясатының сабақтастығын көрсетті. Жолдаумен танысып, бағдарын айқындаған Мұхтар Әуезов атындағы ОҚМУ жаңа жолдау еліміздің өркендеуіне тың серпін болғалы тұр деп біледі.

Еліміздің зияткерлік элитасын қалыптастыруды мақсат еткен білім ордасы жаңа жолдауда екшелген маңызды мәселелерге шын қуанды.  Білім беру сапасын жақсарту. Педагогтардың мәртебесін көтеру. Жоғары білім деңгейін арттыру. Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы алғышқы Жолдауында басымдық берген маңызды мәселелер осы. Жолдауға қолдау білдірген білім ордасының ұжымы саяси маңызды құжатта жүктелген міндеттерді зор ықыласпен қабылдады.

Дария Қожамжарова - Мұхтар Әуезов атындағы ОҚМУ ректоры

      Президент айтып өткен маңызды мәселенің тағы бірі – сапалы кадр дайындау. 4 жыл білім алып, диплом алған жастардың жұмыссыз жүргені жараспайды. Сондықтан тек қана маңызды қағаз үшін емес, білікті маман болуға талпыну керек. Сонда ғана мемлекет мерейі, ел ертеңі үшін еңбек ете алады. Мұны ескерген Мұхтар Әуезов атындағы ОҚМУ бірауыздан қолдау білдіріп, тапсырманың сәтті жүзеге асуына жағдай жасаған.

Дария Қожамжарова - Мұхтар Әуезов атындағы ОҚМУ ректоры

     Бүгінгі таңда университетте 104 ғылым докторы, 474 ғылым кандидаты, 601 магистр шәкірттерге дәріс береді. Биылғы оқу жылында 95 мамандық бойынша 10 мың студент қабылданды. Олардың 2мың 184-і мемлекеттік грант иегерлері.

Н. Мұхамеджанұлы                                                                                 

 

Тақырып бойынша материалдар

ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН ЕЛ  КУБОГЫ САРАПҚА ТҮСТІ
19:59, 18 қазан 2019
ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН ЕЛ КУБОГЫ САРАПҚА ТҮСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТҰРАНДАҒЫ ӘДИЯҒА  ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ЖҮРДІ
18:09, 16 қазан 2019
ТҰРАНДАҒЫ ӘДИЯҒА ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ЖҮРДІ
Толығырақ...
ЕСІРКЕП БАТЫРДЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ТУРНИР
18:27, 15 қазан 2019
ЕСІРКЕП БАТЫРДЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ТУРНИР
Толығырақ...