ШҰҒЫЛ! АРЫС ҚАЛАСЫ 1-ШІ ТАМЫЗҒА ДЕЙІН ҚАЛПЫНА КЕЛЕДІ Толығырақ

БІР РЕТТІК КӨМЕККЕ ҚҰЖАТ ӨТКІЗУШІЛЕР БЕЛСЕНДІ

17:07, 6 шілде 2019

Арыстағы төтенше жағдайға байланысты берілетін бір реттік 100 мың теңге көлеміндегі көмекке құжат қабылдау басталғалы тұрғындар белсенділік танытуда. Әр секторға қарасты штабта құжат рәсімдеу, қабылдау пункттері мен кеңес беру орталықтары жұмыс істеп тұр.

10-шы секторға қарасты штабтан таңнан бері адам қарасы үзілген жоқ. Сектор аумағындағы әр көшеге жеке қызметкер жауап береді. Жауапты маман құжат реттілігі мен өтініштер қабылдау бойынша тұрғындарға көмектеседі. Айта кетейік, 10-сектордың құрылысын жүргізу Шымкент қаласына жүктелген. Қазір бұл секторда 600-ден аса үйге құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Оның 15-і жарамсыз деп табылған. Ал, тұрғындар бойынша кез-келген мәселені Кентау қаласының штаб мүшелері реттеп отырады.

Арман Басаров - Кентау қалалық штабының төрағасы

 Қазір 10-сектордың орталық штабы М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебінде орналасқан. Жарылыс кезінде аталмыш оқу орнына да айтарлықтай зақым келген. Жаңа оқу жылы басталғанда оқушылар алаңсыз білім алуы керек. Сондықтан, мектепті қалпына келтіруге xалық қалаулылары атсалысуда.

 Жаңабай Ағабеков - Түркістан облыстық мәслиxатының депутаты

Ақмарал Көпжасарова       

Тақырып бойынша материалдар

«ОҚЖЕТПЕС» БАПКЕРЛЕРІ АРЫС БАЛАЛАРЫН ЖАТТЫҚТЫРДЫ
12:28, 18 шілде 2019
«ОҚЖЕТПЕС» БАПКЕРЛЕРІ АРЫС БАЛАЛАРЫН ЖАТТЫҚТЫРДЫ
Толығырақ...
АРЫСТАН  ПАВЛОДАРҒА  ТАҒЫ 173 ОҚУШЫ БАРДЫ
12:21, 18 шілде 2019
АРЫСТАН ПАВЛОДАРҒА ТАҒЫ 173 ОҚУШЫ БАРДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

4 ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒА ҚЫЗМЕТІНЕН БОСАТЫЛДЫ
17:59, 16 шілде 2019
4 ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒА ҚЫЗМЕТІНЕН БОСАТЫЛДЫ
Толығырақ...
АРЫС ҚАЛАСЫ 1-ШІ ТАМЫЗҒА ДЕЙІН ҚАЛПЫНА КЕЛЕДІ
14:23, 12 шілде 2019
АРЫС ҚАЛАСЫ 1-ШІ ТАМЫЗҒА ДЕЙІН ҚАЛПЫНА КЕЛЕДІ
Толығырақ...
БАС ДӘРІГЕРЛЕР  КЕҢ КАБИНЕТТЕРІН БОСАТТЫ
12:38, 17 шілде 2019
БАС ДӘРІГЕРЛЕР КЕҢ КАБИНЕТТЕРІН БОСАТТЫ
Толығырақ...