ШҰҒЫЛ! ЖАСТАР МЕН КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАР ҚОНЫС ТОЙЫН ТОЙЛАМАҚ Толығырақ

«BIRGE» ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

18:19, 13 мамыр 2019

Егер сізді қандай да бір мәселе толғандырып жүрсе онда өз ойыңызды қағаз бетіне түсіріп, Нұр Отан партиясына жолдаңыз. Ол үшін жол жүріп уақыт жоғалтудың қажеті жоқ. Өйткені, елімізде «BIRGE» жалпыұлттық акциясы басталды. Аталмыш шара аясында әрбір азамат билікке қатысты өз ұсынысын білдіре алады. Маусымның жетісіне дейін жалғасатын акция аясында жинақталған ұсыныс пікірлер бас партияның басты назарында болады. Ал, тұрғындардың талап тілегін Ел Президенттігіне үміткер Қасым-Жомарт Тоқаевтың сенімді өкілдері жинауда.

 Айгүл апайдың билікке айттар базынасы бар. Соның бірі көпбалалы отбасыларды баспанамен қамту ісіне басымдық беру туралы. Осы ойын ол, бүгін қағазға түсіріп, Нұр Отан партиясы қойған жәшікке салды. Енді ұсынысым қолдау тапса,- дейді жалғызбасты ана.

Айгүл Оралбаева – Түркістан қаласының тұрғыны

Мен қолдаймын осындай акцияларды. Бүгін өзімнің ұсысымды жазып жібердім. Енді сол ұсыныстарды ескерсе екен.

«BIRGE» жалпыұлттық акциясы аясында тұрғындардың талап тілегі тек көшеде тыңдалмайды. Азаматтардың өтініштерін толық қанағаттандыру үшін алдағы уақытта партия өкілдері есіктен-есікке акциясын ұйымдастырамақ. Аталған шара аясында еріктілер тобы азаматтардың үйлерін аралап, ұсыныстарын жинайды. Одан бөлек партияның аудан қалалардағы штабтарының жанынан арнайы қоғамдық штабтар құрылып ол жерлерде де өтініштер қабылдануда.  

 Ұласбек Сәдібеков – ҚР Президенттігіне үміткер Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркістан облыстық қоғамдық штабының төрағасы

 Біздің Түркістан облысында 17 Штаб іске кірісті. Оның біреуі облыстық 16 аудандық. Мұндағы мақсат соның барлығы жинақталып соның барлығы сарапталып, БАҚ арқылы жауап берілетін болады...

Жұрттың ұсыныс пікірлерін жинау жұмыстары маусымның жетісіне дейін жалғасады. Ал, 9-маусым күні елімізде саяси салмағы басым науқан өтеді. Себебі сол күні Қазақстан халқы өзінің таңдауын жасайды.

Жарылқасын Әзіретбергенов – Түркістан облыстық ақсақалдар алқасының төрағасы

Бұл сайлау бұрынғы сайлаудан өзгерек. Себебі бұл жолы жаңа үміткерлер бар, Елбасы өзінің өкілеттілігін тоқтатты. Бұл мәселеге селкеу қарауға болмайды. Әсіресе біздер 18 бен – 35 жас аралығындағы жастармен көп жұмыс істеуміз керек. 

 Айтып өтейік еліміздегі саяси науқанға байланысты үгіт насихат жұмыстары бүгінде басталып кеткен. Қазір ел басқаруға үмітті барлық кандидаттардың арнайы штабтары құрылып жұмыс жүргізуде.

М. Жарылқасын               

Тақырып бойынша материалдар

МЕГАПОЛИСТІҢ ҮШ ЖЫЛДЫҚ БЮДЖЕТІ БЕКІДІ
18:28, 11 желтоқсан 2019
МЕГАПОЛИСТІҢ ҮШ ЖЫЛДЫҚ БЮДЖЕТІ БЕКІДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕГАПОЛИС ПРОКУРОРЛАРЫ  МАРАПАТТАЛДЫ
18:33, 6 желтоқсан 2019
МЕГАПОЛИС ПРОКУРОРЛАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...