ШҰҒЫЛ! ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ ТАЛҚЫЛАНДЫ Толығырақ

БІРЫҢҒАЙ ЕСЕП БЕРУ КҮНІ ӨТТІ

21:12, 1 қазан 2019

Президент Қасым – Жомарт Тоқаев «Бірыңғай есеп беру күні» практикасын ұсынған болатын. Жобаны өткізу уақыты ретінде жыл сайын қыркүйек айының соңғы бейсенбісі бекітілген. Мемлекет басшысының жарлығы негізінде бақылау- қадағалау органдарының қатысуымен алқалы жиын өтті.

Шарада жауаптылар кейбір кәсіпкерлермен бірыңғай мәмілеге келіп, жұмыс істеу қиынға соғатынын жеткізді. Кәсіп иелеріне «Мемлекеттік сатып алу» заңына енгізілген өзгерістерді қатаң сақтауды да ескертті. Өңірде жеке бизнесті дамытуға ешқандай тосқауыл жоқ. Құзырлы органдарға кәсіп иелері тарапынан түскен арыздардың басым бөлігі жер телімін алу, құжат рәсімдеуге қатысты. Жиын кәсіпкерлер мен ұйымдардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған. Сондай-ақ, қадағалау жөніндегі заңнаманың міндетті талаптарын бұзудың алдын алу да маңызды. Тауар өндірушілердің дені азық-түлік өнімдерін шығарады. Құрылыс бұйымдарын шығару да жолға қойылып келеді. Жергілікті тауар өндірушілерге бизнес-жоспар даярлауда көмек көрсету жолдары да үйретілуде.

Камал Қабылбеков – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары

Д.Өмірзақова            
 

Тақырып бойынша материалдар

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМ
19:44, 22 қараша 2019
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар