ШҰҒЫЛ! ӘКІМ УӘДЕСІНДЕ ТҰРДЫ,ТҰРАНҒА АТ БАСЫН БҰРДЫ Толығырақ

БІТЕЛГЕН АРЫҚ, СУСЫЗ ОТЫРҒАН ХАЛЫҚ

14:54, 14 ақпан 2020

Түркістан облысы Келес ауданындағы 8 ауылдың диқандары ағын судың жетімсіздігінен көктемгі егіске кірісе алмай отыр. Жермен жан баққан жұрт биыл тіптен құрғақшылыққа тап боламыз ба деп қауіптенеді. Өйткені Шошым каналының 7-8 жылдан бері табаны тазартылмағандықтан арнасы әбден тарылып кеткен. Әу баста 1 мың 400 гектар алқапты суландыруы тиіс канал суы қазір оның үштен біріне әрең жететін болған.

Жылыжайда өсірілген қырыққабат көшетін енді бір апатада егіс алқабына отырғызбаса Сабыр Аллазовтың қыстайғы еңбегі еш кеткелі тұр. Бірақ арыққа әлі су келген жоқ. Диқан 300 мың түп көшетін өндіру үшін 2 айдай уақыт күндіз түні еңбектенді. 1 миллион теңге жуық қаржы жұмсады.   

САБЫР АЛЛАЗОВ  АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ

Жаңбыр жауғанда апарып екпесек, одан кейін су болмайды. Қиын. Бір гектарға ексек 700 мыңдай шығын кетеді. Су болмаған соң өнім де азайды.

Бұрындары мұндағы диқандар қырыққабаттың гектарынан 90-100 тоннаға дейін  өнім жинайтын. Қазір соның  жартысын әрең теріп алады. Өзге дақылдан да пайда шамалы болып тұр.

МАХКӘМ ЕРМЕКБАЕВ АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ

Былтыр карттошка ектім есіктің алдына бір тонна. Ала алмадым. Неге, су жоқ. Алдым, бірақ мінәндәй-мінәндәй картошка. Оны кім алады базарда?

Көрші отырған 7-8 ауыл ала жаздай бір-бірімен қырғи қабақ. Құлақ басында су үшін шекісіп қалатын кездері де болады. Егін еккен жұртта түні бойы ұйқы болмайды.

ЗОРҚҰЛ БЕКБОТАЕВ АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ

Тек түнде ұрлықпен  жүреміз. Бала-шағамыздың бәрі Шошымның басында болады. Біраз су келсе соған шайып аламыз. Су болса күлкіміз болады. болмаса жоқ.

Ағын судың жетімсіздігінен қазір осы аумақтағы 900 гектар жер игерусіз жатыр. Егістік алқап жыл санып тарылып келеді.

РУСЛАН САРИЕВ ГИДРОТЕХНИК

Қазір 5 куб сумен отырмыз. Ол былтыр еді.  Биыл ол 5 кубтың өзі де сыймайды. Сарыағаш ауданы тазаламайтын болса биыл Біртілікке су келмейді. 8 ауыл сусыз қалады.

Ұзындығы 27 шақырым болатын Шошым каналы екі бірдей ауданның аумағын аралап ағады. Бастауда отырғандықтан Сарыағаштың ұпайы түгел. Арнаны тазартпаса да су жеткілікті. Ал каналдың етегіндегі Келес ауданының жұрты көршілерінің жалқаулығынан шілдеде бір құлақ суға зар болады.

АБАЙ ЖАҢБЫРБАЕВ КЕЛЕС АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

Келес ауданы тарапынан Сарыағаш ауданына ағымдағы, күрделі жөндеу жүргізу мақсатында  тиісті хат жолдадық. Қазір жауабын күтіп отырмыз.

Жергілікті жұрттың жанайқайынан соң облыс әкімі екі жаққа да тиімді шешім қабылдап, жылдам әрекет ету жайы тапсырған болатын. Одан бері екі аптадан астам уақыт өтті. Әкімдік әзірге бір біріне хат жазудан әрі аса алмай отыр.


 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕР ҚАРУ-ЖАРАҚ  ҰРЛАП  ҚАШҚАН
18:06, 20 ақпан 2020
ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕР ҚАРУ-ЖАРАҚ ҰРЛАП ҚАШҚАН
Толығырақ...
АСЫРАП АЛҒАН БАЛАЛАРДЫҢ КЕРІ ҚАЙТУЫНЫҢ СЕБЕБІ НЕДЕ?
17:32, 19 ақпан 2020
АСЫРАП АЛҒАН БАЛАЛАРДЫҢ КЕРІ ҚАЙТУЫНЫҢ СЕБЕБІ НЕДЕ?
Толығырақ...