ШҰҒЫЛ! ҚҰРБАН АЙТ НАМАЗЫ ОҚЫЛМАЙДЫ Толығырақ

БИЫЛ 200 ОЙЫН АЛАҢШАСЫ ТАПСЫРЫЛАДЫ

17:58, 3 шілде 2020

Мегаполис орталығының басым бөлігін алып жатқан Әл-Фараби ауданында ойын, спорт алаңшаларының құрылысы қарқынды. Биылдың өзінде 200 ге жуық балалар ойын алаңшаларын пайдалануға беру көзделген. Өскелең ұрпақты қуанышқа бөлеген құрылыс жұмыстарын тілші әңгімелейді.

Ағымдағы жылдың алты айында Әл-Фараби ауданында 100 аула ел игілігіне тапсырылған. Қосымша  Республикалық  бюджет есебінен 47 аула жасалып жатыр. Қарқынды құрылысқа арнайы бағдарлама бойынша  196 жергілікті тұрғын жұмысқа тартылған.  

Ғабит Мәуленқұлов – Әл-Фараби ауданының әкімі

Сонымен қатар біздің ауданымызда 34 спорт алаңшалары бар. олардың бүгінгі таңда 18-і жөнделіп жатыр. Алдағы 3 айда толығымен ремонттап бітеміз деп отырмыз. Жергілікті бюджеттен тағы 36 аула жасау керекпіз. 200 ге жуық аула жасалып жатыр.

Мердігерлер нысанды тездетіп мерзімінен бұрын тапсырамыз, деп отыр. Дегенмен ойын, спорт алаңшаларынның сапасы басты назарда.

Нұрлыбек Дубаев – мердігер 

Бұл жерде 12 аула бар. Оған 171 млн теңге бөлінген. Бұл істеп жатқанымыз соңғы дом. Осы төрт үйдің ауласын қамтып жатырмыз. 

Тапсырған алаңшаларға 3 жыл кепілдік беріледі. Осы уақыт аралығында бүлінген жері болса компания жөндеп береді. Құрылысқа Отандық өнімдер пайдаланылған. Айтқандай Әл-фараби ауданында 672 көпқабатты тұрғын үй бар. Ондағы аулалардың 70 пайызы ойын, спорт алаңдарымен қамтылған. Алдағы жылдары барлық аулаларды талапқа сай абаттандырамыз –дейді аудан әкімі.

К. Дүйсенбі          

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

42 500 ТЕҢГЕГЕ ӨТІНІШТЕР 1-ҚЫРКҮЙЕККЕ ДЕЙІН ҚАБЫЛДАНАДЫ
15:36, 29 шілде 2020
42 500 ТЕҢГЕГЕ ӨТІНІШТЕР 1-ҚЫРКҮЙЕККЕ ДЕЙІН ҚАБЫЛДАНАДЫ
Толығырақ...
МОБИЛЬДІ ТОП 15000 НАУҚАСҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТКЕН
18:24, 28 шілде 2020
МОБИЛЬДІ ТОП 15000 НАУҚАСҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТКЕН
Толығырақ...