ШҰҒЫЛ! ТҮРКІСТАНДА СПОРТ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР Толығырақ

БИЫЛ КӨКПАРДАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТЕДІ

12:42, 11 қаңтар 2019

Көкпардан кезекті Әлем Чемпионаты 2019 жылдың қараша айында өзбек елінде өтеді. Бұл туралы Ташкентте болған көкпар федерацияларының халықаралық жиынында айтылды. Ал, Барыстықтардың күні кешегі ойында жолы болмады. «Барыс» ҚХЛ тұрақты чемпионаты аясында өз айдынында «Куньлунь РС» командасынан жеңіліп қалды.

Ташкентте өткен конгреске Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Моңғолия, Қырғызстан, Ресей, Ауғанстан, АҚШ, жалпы жиыны сегіз елдің өкілдері аталмыш бәсекеге қатысты ой-пікірлерін ортаға салып, Көкпардан ІІ Әлем чемпионатына дайындық жұмыстарын пысықтады.Жиынға қатысушылардың хаттамаға түскен ортақ шешімі бойынша, жарыстың ережелерін нақтылауға арналған кезекті конгресс Астанада өтетін болып бекітілді. Еске сала кетейік, 2017 жылы «ЭКСПО-2017» көрмесі аясында көкпардан тұңғыш Әлем чемпионаты Түркі халықтарының дәстүрлі спорт түрлері халықаралық Қауымдастығының ұйымдастыруымен Астана қаласында өткен еді. Мәртебелі жарысқа АҚШ, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия, Ресей, Тәжікстан, Қытай, Моңғолия, Ауғанстан, Венгрия және өз еліміздің көкпаршылары қатысты. Жалпы жүлде қоры 18 миллион теңгені құраған І Әлем чемпионатының ақтық сынында Қазақстан құрама командасы айыр қалпақты ағайындарды 3:1 есебімен жеңіп, Әлем чемпионы атанған еді.

БАРЫСТЫҢ КЕШЕ ЖОЛЫ БОЛМАДЫ

 «Барыс» ҚХЛ тұрақты чемпионаты аясында өз айдынында «Куньлунь РС» командасынан жеңіліп қалды. Соңғы турларда тамаша өнер көрсетіп жүрген елордалықтардың кеше жолы болмады. Матч бойы айқын басымдық ие бола тұра қонақтарға есе жіберді. «Барыс» негізгі кездесуді нашар бастаған жоқ. Бірінші минутта-ақ шайба соғып, алға шыққан. Алайда жеңісті есепті ұстап тұра алмады. Қытайлық команда қорғана жүріп аса маңызды жеңіске қол жеткізді. Осылайша «Барыс» Шығыс конференциясының турнирлік кестесінде төртінші орында тұр. Еншісінде 46 матчта жинаған 65 ұпай бар. «Куньлунь РС» 47 ойыннан кейін 43 ұпай жинап, тоғызыншы орынға жайғасты.

Нұрсұлтан ӘБДІРАШИТ                                               

 

Тақырып бойынша материалдар

ҮЗДІК МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ
12:41, 17 маусым 2019
ҮЗДІК МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...
ДӘСТҮРЛІ ДОДА ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ
12:30, 17 маусым 2019
ДӘСТҮРЛІ ДОДА ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар