ШҰҒЫЛ! ЖҮРЕККЕ ЖАБЫҚ ТҮРДЕ ЖАСАЛҒАН ОТА СӘТТІ ӨТТІ! Толығырақ

БИЫЛ СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНА 1465 АДАМ КӨШІП БАРҒАН

19:26, 29 қыркүйек 2020

отбасыларды көшіру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Былтыр тек Солтүстік Қазақстан облысына 483 отбасы көшіп барған. Қоныс аударғандар түгелдей баспанамен қамтылды. Мемлекеттен берілетін арнайы жеңілдіктерді де түгелдей алған.

Бұл аймақтарда халықтың азаюы негізінен көршілес ресейдің жақын болуына байланысты,- дейді жергілікті азаматтар. Көшкендердің дені өзге ұлт өкілдері. Сонымен қатар білім алуға барған жастар да сол жақта қалып қояды екен. Осындай себептердің салдары Солтүстікте халық саны азайды. Дегенмен тиімді бағдарламаның нәтижесінде бүгінде жағдай тұрақталып келеді.

Төлеген  Әбілмәжінов - М.Жұмабаев аудандық мәслихатының хатшысы

Біздің М.Жұмабаев ауданы Ресейге жақын болғандықтан миграция көп болды. Қазір Оңтүстіктен, Қытайдан келген қандастарымыз солардың орынын толтырып жатыр.Бізге келген соң жұмыс тауып береміз. Жұмыс табылмаса шаруа қожалықтарында атқарылатын жұмыс көп. Соларға жібереміз. Үй береміз.   

Былтыр Солтүстік Қазақстан облысына 483 отбасы, барлығы 1465 азамат көшіп барған. Оның ішінде 500-ге жуығы Түркістан облысы мен Шымкент қаласынан барғандар. Осыған дейін 428 үй  берілген. Жыл соңына дейін тағы 260 үйдің құрылысы аяқталу қажет.

Назерке Тасқұлова- СҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының баспасөз хатшысы

 Қоныс аударған отбасыларға бір ретіттік көмек 35 айлық есептік көрсеткіш ретінде көмек беріледі. Одан бөлек ай сайынғы субсидия төленіп отырады.

Қызылжар ауданы Петропавлдың тап іргесінде. Өткен жылы бұл ауданға  53 отбасындағы 197 адам көшіп келген.  Оның ішінде 65 адам жұмысқа орналасты. Келгендердің барлығына үй берілді.

Ақбота Шайкина – Қызылжар аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры

Келесі жылға бізге жоспар бойынша 42 семья 187 биылғы сияқты. Қызылжар бойынша 117 вакансия қазір. Жылдың аяғына дейін 12 отбасы қабылдаймыз.

Халқы тығыз өңірімізде жұмыс таппай, әлеуметтік аз қамтылған отбасылар болса Солтүстік Қазақстанға көшуді ойлап көргені дұрыс. Көшіп барғандардың қораларында 3-4 құлынды бие, 3-4 сауынды сиыр ұстап отыр.  Тұрақты жалақы алатын жұмыспен қамтылған. Әр отбасында автокөлік бар.

Н.Кенжехан                                             

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

АБАЙ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ   9 АЙЛЫҚ ЕСЕБІ ТЫҢДАЛДЫ
18:39, 21 қазан 2020
АБАЙ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ 9 АЙЛЫҚ ЕСЕБІ ТЫҢДАЛДЫ
Толығырақ...