ШҰҒЫЛ! ТҮРКІСТАНДА СПОРТ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР Толығырақ

БИЫЛ ҰБТ ҚАҢТАР АЙЫНАН БАСТАЛАДЫ

17:37, 11 қаңтар 2019

Биылғы ұлттық бірыңғай тестілеу жаңа форматта енгізіліп отыр. Қаңтар айынан бастап мектеп түлектері үшін Ұлттық бірыңғай тестілеу басталады. Алайда бұл айда тестілеуге қатысқандардың сертификаты тек ақылы негізде оқуға жарайды. Биыл 11 және 12 сынып оқушыларын қандай жаңашылдықтар күтіп тұр? Бітіруші түлектердің білім көрсеткіші қандай деңгейде?

Түркістан облысында биыл 33 мыңға жуық оқушы  мектеп қабырғасымен қоштасады. Оның 22 мыңнан астамы ҰБТ тапсыруға өтініш білдірген. Білім жүйесіне енгізілген өзгеріске байланысты, оның 6 718-і ақылы бөлімге тапсыруға ниетті. Алғашқы легі осы қаңтар айының 18-21 аралығында тест тапсырады. Оған бүгінде облыстан 7 тестілеу пункті дайындалуда. Мұндағы сұрақтардың 30 пайызға жуығы жаңартылған. Айта кетейік, биыл білім ордаларында мұғалімдер оқушыларды ҰБТ-ге дайындамайды, - дейді сала мамандары.

Мөлдір Қилыбаева – Түркістан облыстық білім басқармасының бас маманы

Білім саласындағы жаңа реформалар жарқын болашаққа бастайды. Биыл талапкерлер жылдағы үрдіс бойынша 1 рет емес, 4 рет тест тапсыратын болады. Бұл өз кезегінде оқушыларға мемлекет тарапынан беріліп отырған зор мүмкіндік.

Жанат Тәжиева – Шымкент қалалық Білім саласындағы бақылау департаментінің басшысы

- Бұрын талапкерлер ҰБТ-ны жылына 1 рет тапсыратын болса, биылғы жылдан бастап, 4 рет тапсыруға мүмкіндік алады. Біріншісі – қаңтар айында, екіншісі – наурыз айында 24-28 наурыз аралығы, үшіншісі – маусым, шілде айларында, төртіншісі – тамыз айында жүргізілетін болады. Мұндағы балалардың мүмкіндігі – осы төртеуіне де қатысып, жоғары ұпай жинауға мүмкіндігі бар.

Шымкентте ұлттық бірыңғай тестілеу 2 пунктте өтеді. Бірі – Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті болса, екіншісі – Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті. Биыл тест ақылы болмақ. Құны – 2242 теңге. Қажетті соманы екінші деңгейлі банктерге төлеу арқылы, кез- кезген талапкер тестілеуге қатыса алады.

Білімді ұрпақ тәрбиелеу міндетін Елбасымыз барша қазақстандықтарға жүктеді. Білім саласына енгізіліп жатқан жаңа реформалар соның айғағы.

Ақмарал КӨПЖАСАРОВА       

Тақырып бойынша материалдар

ҮЗДІК МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ
12:41, 17 маусым 2019
ҮЗДІК МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...
ДӘСТҮРЛІ ДОДА ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ
12:30, 17 маусым 2019
ДӘСТҮРЛІ ДОДА ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар